Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:21
Менің анам Төле өте сымбатты, өзін сәл тәкаппарлау ұстайтын, қаршыға көзді арудың өзі екен.Ол ел тарихында елеулі орны бар ұлағатты адамдардың өнегелі өмірін балаларының құлағына құйып өтті. Сондай жандардың бірі – елге ерте танылып, 23 жасында қыршын кеткен Ғани Мұратбаев еді.Анамыздың Ғаниды жақын білуінің сыры мынада екен. Әкеміз Ділмағамбет Қызылорда облысының Қазалы жағынан. Ол сауатты, іскер, елге сөзі өтімді, жасынан атқамінер болып, халықтың қамы үшін көп әрекет жасаған кісі екен. Әсіресе, ашаршылықта, елге әртүрлі зобалаң әкелген саясаттың қитұрқылары белең алған кездерде жетім-жесірлерге, ғаріп-қасерлерге қолынан келгенінше қарайласып келіпті. Сонысы үшін туған ауылындағылар «Біздің тілеулесіміз», «Тілекшіміз»,
Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:21
Менің анам Төле өте сымбатты, өзін сәл тәкаппарлау ұстайтын, қаршыға көзді арудың өзі екен.Ол ел тарихында елеулі орны бар ұлағатты адамдардың өнегелі өмірін балаларының құлағына құйып өтті. Сондай жандардың бірі – елге ерте танылып, 23 жасында қыршын кеткен Ғани Мұратбаев еді.Анамыздың Ғаниды жақын білуінің сыры мынада екен. Әкеміз Ділмағамбет Қызылорда облысының Қазалы жағынан. Ол сауатты, іскер, елге сөзі өтімді, жасынан атқамінер болып, халықтың қамы үшін көп әрекет жасаған кісі екен. Әсіресе, ашаршылықта, елге әртүрлі зобалаң әкелген саясаттың қитұрқылары белең алған кездерде жетім-жесірлерге, ғаріп-қасерлерге қолынан келгенінше қарайласып келіпті. Сонысы үшін туған ауылындағылар «Біздің тілеулесіміз», «Тілекшіміз», «Тілесіміз» деп атап кеткен көрінеді. Әкеміз анамыздан жиырма жас үлкен болған. Анамыз ауылға келін болып түскенде әкей ел-жұртқа танымал, құрмет-беделі биік, ауылдың арқасүйер азаматы болса керек. «Жігіттің жақсылығы – нағашыдан» дегендей, әкейдің анасы да атақты жердің қызы екен. Ол кісінің аталарының бірі Тәжімбет 40 жыл болыс болыпты. Ғани Мұратбаев, міне, сол Тәжімбет нағашы атамыздың шөбересі. Таратып айтқанда, Тәжімбеттен – Арғын, Арғыннан – Садықбай, Мұратбай туады. Ғани – Мұратбайдың баласы. Ғанидің өзінен төрт жас кіші Күлпаршын атты қарындасы болған. Шешелерінің аты – Бәтима.Ғани жасынан аурушаң болып өсіпті. Оның үстіне әке-шешесінен жастай жетім қалған, қарындасы да тым жас дүние салған. Келе-келе бүкіл Тәжімбет әулетінен еркек кіндіктіден жалғыз Ғани ғана қалған көрінеді. Біздің әкей алдымен шешесі мен қарындасы, соңынан Ғанидің өзін қолында бағып-қағып тәрбиелеп, өсіреді. Тіпті бір күні Ғани тырысқақ ауруына ұшыраған кезінде тәуіп-балгерлердің кеңесімен оны жаңа сойылған ту көк ешкінің терісіне орап, бес адам болып бүкіл денесін уқалап, аузына ешкі сүтін тамызып отырып бір күн емдепті. Содан Ғани тірі қалып, аман-сау жазылып кеткен екен.Аласапыран күндер туғанда болыс тұқымынан екенін жасыру үшін әкесіз оны малшы-жалшылардың ішіне араластырып жіберіп, елге қойшының баласы деп таныстыратын болыпты. Ақылды, көзінде жігер оты жайнап тұрған баланы кейінірек Қазалыдағы мектеп-интернатқа орналастырған. Өскенше оған өзі қамқор болып, асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы деп еркелетіп жүрген. Ғани да өзінен 13-14 жас үлкен, әкесіндей болған Ділмағамбет әкемізге әрдайым сырын айтып, ақылдасып, жақын тұтып өскен. Ерте есейген сұңғыла баланың келешегінен әкеміз көп үміт күтіпті.«Ғани ержетіп, айтулы азамат бола бастаған шағында қалыңдығы Бақытжанды біздің үйге әкеліп түсірген еді, – дейтін анамыз Төле. – Жас келіннің басына өзімнің ақ орамалымды салғаным есімде».Анамыз Ғанимен аралас-құралас болған кісілердің біразын жақсы білген. Олардың біразы өз қолынан дәм де татыпты. Сонау 30-шы жылдардағы ашаршылықта бір жолы Қазалы жаққа Әліби Жангелдин келіпті. Сонда анамыз Төле ол кісіні ақ дастарқан жайып қарсы алып, әңгіме үстінде Ғани туралы айтыпты. Жалпы, сол ашаршылық кезінде туысқандарымен барын бөліскенінің шет жағын ғана шығарып жеткізуші еді. Өзі елге істеген жақсылығын жария етуге аса құмар емес-ті. Соның әсері болуы керек, тағы да қандай атақты адамдармен дәмдес-тұздас болғанының егжей-тегжейін біле алмай қалдық. Бір ғана Ғани мен оның отбасына жасаған шарапатты ісіне қарап, әке-шешеміздің текті адамдар екенін пайымдайтынбыз.Кейін өсе келе Ғани Мұратбаев туралы жазылған кітаптардың бәрін дерлік іздестіріп, тауып оқыдым. Сондай танымал адаммен туыстас болғанымды, ата-анамның оған деген сүйіспеншілік-мейірімділігін, жасаған қайырымын әрдайым мақтан тұтып жүремін. Мұны балаларым мен немерелерімнің құлағына құя беруден де еш жалықпаймын.Панзагүл ДІЛМАҒАМБЕТОВА. Тараз.