Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:25
Қызыл алаң, қызыл ту, қызыл жұлдыз, қызыл әскер, бәрі, бәрі қанның түсі, қан татырып тұрған солақай саясаттың салдары емес пе?Кеңес өкіметі дәуірлеп тұрған шақта Шығыс Еуропадан Жапон теңізіне дейінгі жерлер,Үнді қытай, Орталық Азия елдері, Араб, Парсы, Куба, Латын Америкасы мемлекеттерінің біршамасы қызыл түске боялған-ды. Осы қызыл түске бояушылар кім? Бұлар бүкіл дүние жүзі пролетарларының дем берушілері – марксизм, ленинизм ілімінің теоретиктері мен сол ілімді жүзеге асырған қызыл большевиктердің баскесерлері еді.
Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:25
Қызыл алаң, қызыл ту, қызыл жұлдыз, қызыл әскер, бәрі, бәрі қанның түсі, қан татырып тұрған солақай саясаттың салдары емес пе?Кеңес өкіметі дәуірлеп тұрған шақта Шығыс Еуропадан Жапон теңізіне дейінгі жерлер,Үнді қытай, Орталық Азия елдері, Араб, Парсы, Куба, Латын Америкасы мемлекеттерінің біршамасы қызыл түске боялған-ды. Осы қызыл түске бояушылар кім? Бұлар бүкіл дүние жүзі пролетарларының дем берушілері – марксизм, ленинизм ілімінің теоретиктері мен сол ілімді жүзеге асырған қызыл большевиктердің баскесерлері еді. Бояушы, бояушы дегенге, олар құтырған иттей көздері қанталап, не болса соны қызыл түске бояй берген, бояй берген. Басқаша ойлаған адамдарды қанға тұншықтырып, бейбіт елдерді қан сасытқан.Тіпті, күнтізбедегі мейрам күндерінің өзін де шақырайтып қан қызыл бояумен түстеген. Бұл біздің «Қызыл күніміз», деп қуанатынбыз. Олардың қараң күндер екенін ойламаппыз да. Бөтен, көңіл жібітерлік реңктің болуы мүмкін екендігін де ойға алмаппыз. Әлі де білмейді, ойланбайды екенбіз. Оны өзіміздің төл Конституциямызды қабылдаған күні сездім. Сол қызыл бағдардың екпінінен шыға алмағандай едік. Жоғарғы Кеңестің төрағасы Президентімізге: «Осы күн бұдан былай календарьда қызылмен жазылады!», деп бүкіл әлемге салтанатты түрде жария етті. Менің жүрегім де қуаныштан жарыла жаздап, артынан күрт суыды.Біздің де көгеретін күніміз бола ма? Қызыл туды құлатып, аспан көк түсті туымызды көтерген жоқ па едік желбіретіп?! Неге мейрам күндерімізді де күнтізбеге көгілдір түспен жазбасқа?Көгілдір көктем, көгілдір ту, көгілдір аспан, аққудың көгілдірі, көкше теңіз, көкше тау – қандай көркем! Жүрекке жылылық ұялатар, жаныңды жадыратар, көңіліңді көтерер, көсегені көгертер нәзік көктемнің, ақынның шабытын оятар кемел келешектің бояуы емес пе, бұл көк түс?!Ж. ҚАЗМАҒАМБЕТ.Қызылорда облысы,Қазалы ауданы.