• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2012

Қаны қырғыз, жаны қазақ ер көңілді еңбек адамы туралы сыр

667 рет
көрсетілді

Қаны қырғыз, жаны қазақ ер көңілді еңбек адамы туралы сыр

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 8:27

Бұл асыл азаматты өткен жылы кездестірдім. Сарыбастау ауылының тұрғыны екен. Есімі Нарынқол, Тұзкөл, Шалкөде аймағына жақсы таныс нағыз еңбектің торысы болып шықты. Аты – Ғанибай. Онымен Сарыбас­тау ауылындағы жиында таныстық.

Алғаш көргеннен бас­тап-ақ ол көзіме жылы­ұшы­рай түсті. «Қазақ-қырғыз – бір ту­ған», деген аталы сөз бұ­рын­нан бар ғой. Әкесі Жақып өмірін ұсталықпен, еңбекпен өткізген жан бо­лыпты. Ал анасы 1916 жыл­ғы Қарқара көтерілісі кө­сем­дерінің бірі, әй­гілі Ұзақ батырдың немере қызы бо­лып келетін Ақли­ман атты әпкеміз екен. Ға­ни­байдың Сары­бас­тау,

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 8:27

Бұл асыл азаматты өткен жылы кездестірдім. Сарыбастау ауылының тұрғыны екен. Есімі Нарынқол, Тұзкөл, Шалкөде аймағына жақсы таныс нағыз еңбектің торысы болып шықты. Аты – Ғанибай. Онымен Сарыбас­тау ауылындағы жиында таныстық.

Алғаш көргеннен бас­тап-ақ ол көзіме жылы­ұшы­рай түсті. «Қазақ-қырғыз – бір ту­ған», деген аталы сөз бұ­рын­нан бар ғой. Әкесі Жақып өмірін ұсталықпен, еңбекпен өткізген жан бо­лыпты. Ал анасы 1916 жыл­ғы Қарқара көтерілісі кө­сем­дерінің бірі, әй­гілі Ұзақ батырдың немере қызы бо­лып келетін Ақли­ман атты әпкеміз екен. Ға­ни­байдың Сары­бас­тау, Тұз­көл өңірін тұрақтап қал­ғандары­ның бір сыры, ұш­ты­ғы осын­да жатса керек. Марқұм ана­сы Ақлиман он саусағынан өнері төгілген ісмер, тігінші, тоқымашы жан болған екен. Сол кі­сінің жасаған құрақ көр­пе­ле­рі, кесте бұйымдары қа­рашаңырақта әлі сақталып қалған.

Ғанибайды бір көрген­нен-ақ қайсар жан екенін байқайсың. Сарғыш жүзінен өр, өжет мінезі аңғарылды. Ісіне мығым екені бай­қалмай қалған жоқ. Тауда туып, ақ қар, көк мұзды кең дала­ның өтінде еңбекпен ғана шың­далып өскендігі білінеді. Жа­нына серік, өміріне көрік еткен еңбегі қайратын жанып, жігерін маз­да­тып, талпыны­сын ұштап, әр атта­ған қа­дамына қуат беріп, дем беріп, биіктерге өрлеп келеді екен.

Әсілі, ер-азаматтың серігі де, көрі­гі де – еңбек. Еңбек бәрін де жеңеді. Бақытқа жет­кізеді, шат­тық­қа кенелтеді. Моншақтатқан маңдай терімен құралған, өрісін тол­тырған бір отар қойы бар. Дастарқанын сары майға, сүтке толтырып отырған та­бын-табын сиыры бар.

– Қиын күндердің бәрі артта қалып келеді. Сонау жүргізуші болып кеңшар­дың түрлі жұмысы үшін ғана шапқылап өткізген күндер де алыс қалды. Жібек жал­ды, суыққа төзімді, азығын өзі табатын, өзім жақсы кө­ре­тін түліктің төресі жыл­қы­ның санын жүзге жеткізіп алсам, ешкімнен кем бол­май­мын. Шүкір, ол күн де алыс емес сияқты. Арайлап атар таң­да­рыма сенемін, – деп қояды Ғанибай жүре­гін­дегі шын сырын ақтарып. Рас, мінсең – ат, пай­да­лан­саң – көлік, сой­саң-ет, ішсең – қымыз жылқы­ға жетер еш­теңе жоқ. Қатал қыста қарды тебіндеп күн көре беретін ақылды жануар еңбегіңді ақтайды. Тілі жоқ демесең, бәрін түсінетін, ая­лағанды жаны қалайтын, бабы­мен пайдалансаң, ширап сала беретін, қамқор қолың­ның жы­луын сезінсе бар ша­руаңды бітіруге кө­мек­тесетін жылқы ырысыңның көзі іспетті.

Жігіт ағасы Ғанибай Мұсаев Сарыбас­тау ауылындағы «Айділда» шаруа қожа­лы­ғының төрағасы. Аудан мен ауыл арасын жал­ғар жолға пайдаланар «УАЗ» атты қуат­ты жеңіл көлігі бар. Қыстауы мен жайлауына келе қалса, кезек-кезек таңдап тұрып мінер жарамды аттары дайын. Жеңіл кө­лік­тен гөрі атына мініп алып сай-саланы аралап кеткенді жаны қалайды да тұрады. Ойы-қырын бір шолып өтсе, жаны кеңіп, көңілі сергіп, жүрегі жайланып қалады.

– Шіркін, десеңші! Мұқағалидай ақын­ның әр сөзі алтын, әр шумақ өлеңі гауһар ғой. «Су емес, суатынан қымыз аққан, Не деген кереметтей өлкем едің», деп жыр­лаған Шалкөде жайлауынан айналайын. Жанымдай, ақынның әр өлеңіндей жақсы көремін. Мұндай жер, мұндай келісті жайлау оңайлықпен кездесе бермейді. Осындай өңірді сан ғасырлық ұрпағына жауынан қорғап, аманаттап кеткен батыр баба­ла­ры­мыздың рухына мың тағзым, – дейді Ғани­бай бір әңгімесінде.

Бұл оның шын сөзі, шынайы сыры. Қыс маусымын Сарыбастау ауылының маңын­дағы Хасанның қырқасы деп аталатын жер­де өткізсе, жазды осы хан жайлау, бал жайлау Шалкөдеде жайлайды. Айғайтас, Шәкірамбал, Қарағайлы секілді өңірлердің бәрі фермер жігіттің, малшы, шопан, жыл­қышы, бесаспап атпал азаматтың көзіне таныс, жанына жақын. Бұл өңір емдік қа­сие­ті бар, жүз түрлі ауруға дауа дәрілік шөп­тері, өсімдігіне бай қастерлі өңір. Оның бір жақ бүйірі Ойқарағайдың қара алтынына ұласып жатыр. Шалкөде – талай ақынның жырына арқау болған мекен. Кө­гінен қы­ран, бүркіті қалықтап, қиясынан ар­қар, киі­гі көрінген, түрлі табиғи жемісі тө­гілген өлке.

Міне, сол сұлу жайлауда Ғанибай се­кіл­ді азаматымыз ырысын тасытып, мерейін шалқытып отыр. Қатал қыстан аман шы­ғып, ойдағыдай төл өрбіткен төрт түлік жақ­сы жетіліп келеді. Жүз түрлі әдемі гүл мен мың түрлі көк құрағына аяқ оратылып қа­лар жерде мал семірмей қайтеді. Қоңды мал шелді, төлді деген жақсы сөз бұ­рын­нан бар. Ендеше, осындай жерұйықты пай­да­лан­ғанға не жетсін!

 Сол үшін де таза ауасы, мөлдір бұ­лағы, әсем гүлдері әр беріп, жүзін шырайландыра түскен Ғанибайдың көңілі кө­теріңкі, жүзі жарқын. Асыл жары, бар ісіне белді көмек көрсететін Рысжанға әзілі, әңгімесін қа­ғыс­тыра, саумал сары қымызын сіміре оты­рып ертеңдеріне көз жүгіртеді. Кемел келешегін көріп қуа­нады. Еңбегімен келген бақытына жұба­нады. Ғанибай бар жанымен қазақ болып кеткен. Көзін ашқаннан көргені Нарын­қол өңірі, Сарыбастау жері, Шалкөде, Тұз­көл аймағы. Туып-өскен же­рін­де шаңыра­ғын биіктетіп, босағасын мық­тап, ұрпағын өр­бітіп, шаруасын құнт­тап, дәулетін шал­қытып отыр. Одан артық ештеңенің керегі жоқ. Қазаны көтерулі, оты маздаулы. Осының бәрін ең­бек­тен тап­қан ба­қытым дейді. «Күн­де­рің­мен көр­кейе бер, Ғани­бай!» дейміз.

Қанат БІРЖАНСАЛҰЛЫ,

журналист.

Алматы облысы,

Райымбек ауданы.