• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2012

Ұлытаудың ұланы

549 рет
көрсетілді

Ұлытаудың ұланы

Бейсенбі, 11 қазан 2012 7:16

Қазақ зиялыларының ірі өкілі, Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров туралы ойлағанда, «Жаманның ғұмыры шағым мен арыздан тұрады, жақсының ғұмыры қарыз бен парыздан тұрады» деген ұлағат ойға оралады Ө.А.Байқоңыров ел-жұртының, халқының алдындағы қарызы мен парызын бір сәтке де ұмытпай ғұмыр кешкен жаратылысы ерекше жан болатын.

Бейсенбі, 11 қазан 2012 7:16

Қазақ зиялыларының ірі өкілі, Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров туралы ойлағанда, «Жаманның ғұмыры шағым мен арыздан тұрады, жақсының ғұмыры қарыз бен парыздан тұрады» деген ұлағат ойға оралады Ө.А.Байқоңыров ел-жұртының, халқының алдындағы қарызы мен парызын бір сәтке де ұмытпай ғұмыр кешкен жаратылысы ерекше жан болатын.

Мен 1955 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтына оқуға түскенімде Өмірхан Аймағамбетұлы осы институттың директоры екен. Бүгінгі күні Ө.А.Байқоңыровтың сан қырлы қызметі туралы әңгіме қозғау бір жағынан жеңіл, екінші жағынан қиын да. Оның парасатты қызметі халқының көз алдында өтті, әрбір қадамы замандастары мен шәкірттерінің есінде қалды. Ғибратты ұстаз біздерге өз бойындағы таза білімі мен даналық теңізін, адамгершілік махаббатын сыйлады. Ол туралы бүгін тебірене сөз сабақтайтын адамдар өте көп. Оның өмірі мен қызметі туралы көпшілікке белгілі жайларды қайталамай көптен көңілімде жүрген ойларды ортаға салуды жөн көрдім. Өмірхан Байқоңыров тау-кен ісінің ғалымы. Дәріс оқыған кездегі алғашқы сөзі «Біздің басты байлығымыз минералды ресурстар» деп басталатын. Ғылыми еңбектерінің саны қаншама көп болса, сапасы да сондай жоғары еді. Ғалымның әр еңбегі өз саласының жаңалығы мен жаршысы ретінде қымбат. Негізгі еңбектері жер астында кен қазу жұмыстарын үздіксіз жүргізуге, жерасты қазбаларының орнықтылығы мен тау-кен жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеуге, жерасты кен игеру әдістерінің жалпы классификациясын жасауға, жерасты кен қазуды кешенді механизациялауға, кен геофизикасының негіздеріне арналған. Ғалымның ұсынған кен қазудың жаңа жүйелері мен машиналары Жезқазған кеніштерінде осы күнге дейін қолданылуда. Осылайша, Өмірхан Аймағамбетұлының ғылыми-зерттеуші, маман ретіндегі беделі бүкіл одаққа мәлім болды.

Ө.Байқоңыров студенттер, аспи­рант­тар үшін тазалықтың, әділдіктің, бекзат­тық­тың үлгісі болды. Ұстаздың да ұстазы бар. Ұстаз Байқоңыров сөзімен де, ісімен де, ті­лі­мен де, сырт келбетімен де өзіне адамды тартып, баурап алатын тұлға бола білді. Оның басты тәрбиесі ойлауға, талдау жасай біліп, одан шешім шығаруға үйрету болды. Ол өмірінің соңғы күнд­е­ріне дейін аудиторияда қызмет етті, студенттерге дәріс оқы­ды. Ұстаз-ағартушы өз білімі мен ғибратын, тәжірибелік әдіс-тәсілдерін жастарға жеткі­зуден жалық­па­ды. Өмірхан Аймағамбет­ұлы­ның ашық дә­рістерін студенттер ғана емес, оқыту­шы-ғалымдардың өздері барып тың­дайтын.Ө.Байқоңыровтың ғалым-педагог­тар­­ды даярлаудағы еңбегі де өте зор. Ғалым­ның жолын жалғастырып, келешек ұрпақ­қа тәрбие беретін мектепті одан әрі дамытып, идеяларын таратушы қазақ­стан­дық тау-кен ісі саласындағы ғалым­дардың көп­шілігі Өмекеңнің шәкірттері. Санап отыр­сақ, Ө.Бай­қоңыровтың ғы­лы­ми же­текші­лігі­мен 60 ғылым кандидаты, 10 ғылым докторы өз диссертацияларын қорғапты. Академик Байқоңыровтың шек­пенінен шық­қан шә­кірттерінің ішінде тау-кен са­ласының көр­некті өкілдері, ғалым-акаде­мик­тер, министрлер, ректорлар да бар. Бұл Өмірхан Аймағам­бет­ұлы­ның ғұ­лама ға­лым, ұлағатты ұстаз болға­нының айғағы.Ө.Байқоңыров 1934 жылы құрылған Қазақ тау-кен металлургия институтының 1960 жылы Қазақ политехникалық институтына айналуына, оның қарашаңырақ болып қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Осы қыз­метте жүргенде министрлік пен үкіметтің арнаулы тапсырмасымен Қазақ­станның ірі кен-металлургия комбинаттары жанынан инженер мамандарын даярлаумен айналысатын, кей жерлерде институт, ал кадрлары аз жерлерде жалпы техникалық факультеттер ашуды ұйым­дас­тырды. Мәселен, 1953 жылы Қараған­дыда тау-кен институтын, 1958 жылы Өскеменде құрылыс-жол институтын, 1959 жылы Рудныйда кешкі факультеті, 1962 жылы Алматыдағы Киров атындағы зауытта кешкі машина жасау факультетін және т.б. оқу ошақтарын ашты. Ашылған оқу орындарына жас жігіттер ағылып барып, әрі жұмыс істеп, әрі кешке оқып, көптеген инженер мамандықтарынан мың­даған жоғары білім­ді кадрлар даярланды. Өндірістерге жас қа­зақ жігіттерін тартудың ең дұрыс жолы осы еді. Өн­ді­рістен қашудан гөрі, оған ұмты­ла­тындар көбейді. Сол факультеттер кейін институт және университеттерге айналды.1962 жылы Қ.И.Сәтбаевтың ұсынысы­мен академик Байқоңыров Қазақ КСР Ғылым академиясының академик-хатшысы болып сайланды. Сол жылдан бастап ол Қ.И.Сәт­баевпен қоян-қолтық жұмыс ат­қа­­­рып, Ертіс-Қарағанды каналын, Екі­бастұз, Жезқазған, Теміртау, Балқаштағы өндіріс орындарын салу, Қарағайлы, Шет аудан­да­рындағы ірі кеніштерді, Маңғыс­таудағы мұнай кен орындарын іске қосу мәселе­ле­рімен айналысты. Қ.Сәт­баев­­пен жұмыс істеуді ол өзіне бақыт деп санады.Ө.Байқоңыров ғылыми-педагогика­лық жұмысын қоғамдық қызметпен ұш­тас­тыра білді. Ө.Байқоңыров ҚазКСР Жо­ғары Кеңесінің, бірнеше мәрте Алматы қа­ла­лық кеңесінің депутаты болып сайланды.Өмірхан Аймағамбетұлы – қандай жо­ға­­ры дәрежелі орындарда отырса да, өзі­нің мағыналы өмір жолымен, ішкі рухани бай­лы­ғымен, асыл адами қасиеттерімен, кіші­пей­ілдігімен, қарапайымдылығымен, еңбек­қор­лығымен бәрімізге үлгі болған үлкен тұлға. Тек қана тау-кен саласын­дағы адам­дарға емес, ғылым қуған бар­лық жастардың ақылшы­сы, тәрбиешісі, қам­қор­шысы бола білді.Ол өз қарамағындағы қызметкерлерді тө­мендетуге, олардың жағымпаздық жасауына жол бермейтін. Ол өзінің рухани қал­­пын биік ұстап, қызметкерлермен тең сөй­ле­сетін және оларға зор сеніммен қарайтын.Өмекең сара сөздің саңлағы болатын. Егер сын айтса анық, нақты, көңілге кірбің түсірмей айтатын. Сонымен бірге, ол дұрыс шешімін айтатын, келелі кеңес беретін мәмілегер болатын.Талай басшылардың одан ақыл-кеңес сұрағандарына куә болдық.Ол өз отбасын өте жақсы көретін. Мариям апай екеуі өнегелі ұрпақ тәрбиеледі. Қай ректор қазір студенттердің қойған концер­тіне барады? Өмекең көркем­өнер­паз­дардың концер­тіне жұбайы Мариям апайды және бала-шағаларын ерте келіп, бірінші қатарға орналасып, концерттің соңына дейін отыратын. Өзінің кісілік қасиеті баларына да дарыды.Иә, айта берсек, Өмірхан Байқоңы­ров­тың сегіз қыры емес, сексен қырын бір ма­қалаға сыйғызу мүмкін емес. Бірін еске тү­сіріп, ол туралы айта бастасаң екінші жағы менмұндалап шыға келеді. Өмекең табанымен жер басқан жұмыр басты пен­денің еш­қайсысына ұқсамайтын дара жа­ратылған, ғылым мен білімге өрен жүйріктігі өз алдына, қазақы қасиетке де жетік болатын.Академик Қаныш Сәтбаев Ұлытау даласын Қазақстанның қазынасы санаған. Се­бебі, Менделеев кестесіндегі элемент­тер­дің басым бөлігі Ұлытау аймағы қой­науынан та­былған. Өмірхан Аймағам­бет­ұлы, міне, ос­ын­дай, Қазақстанның геогра­фиялық орта­лы­ғы болып саналатын, қазақ халқының бе­сігі, көшпелі дала мәдение­тінің бастауы, ежел­гі даланың көне сырларын ішіне бүккен ше­жі­релі Ұлытауда 1912 жылы дүниеге келген.Ол Ұлытаудан бастау алып, қазақтың даласын қақ жарып өтіп, Алатаудан асып, әлем­дік ғылым шыңына көтерілген, то­лағай тұлға.Қ.Сәтбаев бастаған Қазақстан ға­лым­­дары Мәскеуде (тұрегеліп тұрғандар ішінде: Е.А.Бөкетов, Ө.А.Байқоңыров, А.Сағынов және т.б.).Оның ғұмырнамасы да ұрпаққа үлгі, кім-кімге де өнеге боларлық өрелі жол. Ол хал­қы үшін еңбек етті, парасатын танытты, даналығын дәлелдеді. Халқымыз Өмірхан Аймағамбетұлының жасағаны мен атқар­ға­нын еш уақытта ұмытпайды. Таулар алыс­таған сайын биіктеп, асқақтап тұратыны сияқты, жалпы, тіршілікте де алыстаған сайын асқақтай көрінетін адамдар да болады екен. Біз үшін сондай адамдардың бірі емес, бірегейі ұстазымыз – Өмірхан Аймағам­бетұлы Байқоңыров.Өз басыма Өмекеңнің жасаған жақсы­лығы ұшан-теңіз. 1959 жылы жолдасым Шәріп Бекбасаров Қарағандының 38-шах­та­сында өндірістік жарақат алып, бір ая­ғынан айырылды. Сол жылдары студент­тер жатақ­ханаға мұқтаж болатын. Соған қарамастан біздің отбасымызға бір бөл­мені босатқызып берді. Екеумізді де аспи­рантураға алып қал­ды. Менің ғылыми жетекшім етіп қазақтың біртуар ұлы, ғұлама ғалым Ақжан Машановты бекітті. Өмекеңнің арқасында ғалым болдық, отбасымызды құрып, пәтер алдық, қамқор­лығын көрдік. Өмекең қамқорлық жасай отырып үлкен талап қоя білетін.Өмекеңнің өмірде шыққан шыңдары, алған асулары тек қана еңбек ету, іскерлік, қайсарлық, күрескерлік, табандылық, әді­лет­тіктен таймайтын, сөзі мен ісі арасында алшақтық болмайтын жан екендігін дәлел­деп берген.Адамның ең басты байлығы – ол өзі ба­қилық болған соң, артында не қал­дыр­ды, халқы оны қай тірлігімен еске алады, сол болмақ. Біздің күнделікті өмірде жиі кез­де­сетін үш түрлі жағдайды еске сал­ғым келеді. Біріншісі, көзі тірісінде өзі сатып алған атақтары мен қызметтері өлген соң ұмы­ты­лады. Екіншісі, ұрпақтары бай, үл­кен қыз­метте болса, күмбез тұрғызар, аты­­на көше алып берер, бірақ кейінгі ұр­пақ оны біл­мейді. Үшіншісі, артында ұмы­­­­­­тылмас үлкен ғылы­ми жаңалықтар ашқан, ұрпаққа арнап өсиетті кітаптар қалдыр­­ған, ақылды, парасатты, ең­бекқор шәкірт­тер тәрбиелеген адам ғана биік тұғырға кө­те­ріледі, ұмытылмайды. Өмір­хан Бай­қо­ңы­ров міне, осындай ғұлама ғалым.

Маржан НҰРПЕЙІСОВА,Ресей тау-кен ғылымдары академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, ҚазҰТУ-дің профессоры.

АЛМАТЫ.