Сенбі, 9 маусым 2012 7:20
Елімізде он саусағынан өнер тамған азаматтар аз емес. Солардың бірі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Берік Әлібайдың еңбектері еліміздің және шетелдің көптеген музей қорлары мен жеке коллекцияларда сақтаулы.
Берік Әлібай 1964 жылы Жамбыл облысы Мерке ауданы Қызылсай ауылында дүниеге келген. Бала кезінен зергерлік өнерге ықыласы ауып, осы жолда елімізге қызмет етуді мақсат еткен ол орта мектептен кейін, Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесіне оқуға түсіп, одан кейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын бітірген.

1992 жылдан Қазақстан Дизайнерлер Одағының, 2006 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Осы жылдар аралығында Б.Әлібай Президент стипендиясының иегері, 2005 жылғы «Астана-Бәйтерек» байқауының сәндік-қолданбалы өнері номинациясының лауреаты атанған.
Қазіргі кезде ол – «Назарбаев орталығы» көпқызметті ғылыми-талдау және гуманитарлық ағарту мемлекеттік мекемесінің ғылыми реставрация бөлімінің жетекшісі.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».