• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2012

Ерлікке ескерткіш

449 рет
көрсетілді

Ерлікке ескерткіш

Сенбі, 7 сәуір 2012 7:54

Өткен жылдың қараша айында жазық­сыз 7 адамның өмірін үзген жихадшы-қыл­­мыскерді құрықтау ке­зінде ерлікпен қаза болған облыстық ІІД Жол полициясы жеке батальоны 1-ші взводының командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың қабі­­рі­нің басына ескерткіш-мону­мент қойылды.

Биіктігі 5 метр ескерткіш-монументке мем­лекетіміздің ең жоғарғы марапаты «Ха­­лық Қа­һарманы» бел­гісі, батырдың бей­несі және өшпес ерлікті ұлықтаған өлең жолдары қашалып жазылған.

Ескерткіш-монументтің ашылу салтанатына облыстық ІІД бастығы  Б. Ай­мағанбетов, Тараз қаласының әкімі Б. Ор­ын­беков, сондай-ақ полиция қызметінің ар­дагерлері мен мар­құмның туған-туыс­тары, әріптестері қатысты.

Еске сала кетсек, тараздық жанкештіні ұстау кезінде шейт болған қаһарман капитан Ғазиз Байтасовқа ерен ерлігі үшін Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Жарлығымен «Халық Қаһар­маны» атағы берілген болатын.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

Жамбыл облысы.