Бейсенбі, 5 сәуір 2012 7:35
Халықаралық Олимпиадалық комитет Лондон Олимпиадасына Сауд Арабиясының спортшы қыздары қатысуы мүмкін екенін хабарлады.
Бұл күндері ХОК өкілдері осы мәселе бойынша Сауд Арабиясы үкіметімен келіссөздер жүргізуде. Тараптар мәселені шешсе, онда араб қыздары тұңғыш рет Олимпия ойындарына қатысатын болады. Қазіргі кезде Сауд Арабиясынан басқа Бруней мен Катар елдерінің қыздары да Олимпиададан шет қалып келеді.

* * *
Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Филипп Хэммонд Олимпиадада Лондон қаласын қорғау үшін қажет болған жағдайда жер-әуе зымырандарының пайдаланылуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Осы мәселе бойынша парламентте сөйлеген сөзінде қорғаныс министрі Олимпиада кешендерінің қауіпсіздігі тексерілген соң ойындар өтетін аумаққа мыңдаған британдық сарбаздар орналастырылатынын айтты.
Олимпиадада мұндай қауіпсіздік шаралары 1972 жылы Мюнхенде өткен Жазғы Олимпия ойындары кезінде Израильдің 11 спортшысы мен жаттықтырушысы өлтірілгеннен кейін жасалып келеді.
* * *
Олимпиаданы Маккартни ашады. Ұлыбританияның атақты The Beatles тобының әншісі болған Пол Маккартни Олимпиаданың ашылу салтанатында өнер көрсетіп, жарысты ресми түрде ашуға келісімін берді.
Бұған дейін Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті жарысты ашуға The Rolling Stones, Led Zeppelin топтары мен The Beatles тобының тағы бір мүшесі болған Ринго Старрды шақырған болатын. Алайда солардың ішінен тек Маккартни ғана келісімін берді. Әншінің өзі болса Олимпиаданың ашылу салтанатын тағатсыздана күтіп отырғанын, бірақ орындайтын әнін әлі таңдай алмай жатқанын айтуда.
Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Маккартниден басқа тағы бірнеше әншінің келетіндерін мәлімдеді. Олардың арасында Girls Alound, Spise Girls, Coldplay және Muse топтары бар.