• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Сәуір, 2012

Қазақ күресінің қарымы

232 рет
көрсетілді

Қазақ күресінің қарымы

Сейсенбі, 10 сәуір 2012 7:07

4-5 сәуір күндері Швейцарияның Велей қала­сында өткен Халықаралық күрес түрлері қау­ымдастығының отырысында қазақ күресі 2013 жылы Дүниежүзілік студенттер ойындарының бағдарламасына кіретін болып шешілді.

Бұл жаңалықты кеше ФИЛА-ның осы отырысына арнайы қатысу үшін барған Дүниежүзілік қазақ күресі фе­де­рациясының президенті Серік Төкеев айтты. «Біздің төл күресіміз Дүниежүзілік студенттер ойындарының бағ­дарламасына тұңғыш рет енді. Бұл – бұрын-соңды бол­маған жаңалық. Осыдан кейін біз күресімізді Азия ойындарына, одан кейін Олимпиада бағдарламасына енгізуге күш салатын боламыз. Ал 2013 жылғы ойындар Татар­стан­­­ның Қазан қаласында өтеді.

Сейсенбі, 10 сәуір 2012 7:07

4-5 сәуір күндері Швейцарияның Велей қала­сында өткен Халықаралық күрес түрлері қау­ымдастығының отырысында қазақ күресі 2013 жылы Дүниежүзілік студенттер ойындарының бағдарламасына кіретін болып шешілді.

Бұл жаңалықты кеше ФИЛА-ның осы отырысына арнайы қатысу үшін барған Дүниежүзілік қазақ күресі фе­де­рациясының президенті Серік Төкеев айтты. «Біздің төл күресіміз Дүниежүзілік студенттер ойындарының бағ­дарламасына тұңғыш рет енді. Бұл – бұрын-соңды бол­маған жаңалық. Осыдан кейін біз күресімізді Азия ойындарына, одан кейін Олимпиада бағдарламасына енгізуге күш салатын боламыз. Ал 2013 жылғы ойындар Татар­стан­­­ның Қазан қаласында өтеді. Осы ойындарда 70, 80, 90 және 90 килодан жоғары салмақтарда белдесулер өткіземіз. Бұл додаға жолдама төрт құрлықтан берілетін болады. Яғни, қазақ күресінен Азия, Еуропа, Африка мен Америка чемпионаттарында 1-4 орын алған балуандар мен төл күресі­мізден өтетін әлем чемпионатында 1-8 орынды иеленген спортшылар ойындарға жолдама алады. Сонымен бірге, бес мемлекетке бонус ретінде жолдама беріледі. Бонус дегеніміз – тегін жолдама», – дейді С.Төкеев.

С.Төкеев қазақ күресінен белдесулердің келесі жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін Спорт аккорд жарыстарының бағдарламасында да болатынын айтты. Бұл төрт жылда бір келетін спорт додасы қазіргі кезде әлемде көптеген елдердің қызығушылығын туғызып отырған жарыс болып саналады.

Естеріңізге сала кетсек, биыл бұдан басқа қазақ күре­сінен екі үлкен жарыстың өтетіні белгілі. Біріншісі – жа­қын арада Бразилияның Сан-Паоло қала­сын­­­да төл күре­сі­мізден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтсе, екіншісі – шілде айында Литваның Шяуляй қала­сында тафи ойындарында қазақ күресінен жарыстар өтеді.

Тағы бір жаңалық, Бразилияда өтетін әлем чемпионаты кезінде Америкада төл күресімізден 10 федерация ашу жос­парлануда.

Дастан КЕНЖАЛИН.