• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2012

Қолда – 91 жолдама

307 рет
көрсетілді

Қолда – 91 жолдама

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 7:39

Жақында Спорт және дене шынықтыру істері агент­ті­­­гінің төрағасы Талғат Ермегияев отандастарымыздың Лондон Олимпиадасына дай­ындығы туралы мәлімет­те­рімен бөлісті.

Оның айтуынша, Олим­пиа­даға дайындық жүйелі түрде жүр­­гізілуде. Жолдама алған спорт­шы­­­лар дәрігерлік тексеруден өтіп, жарыстарға қаты­су­да. Осы күндері олардың Олим­пиадаға дайындығы бойынша жиі-жиі мониторингтер жүргі­зі­луде. Қа­­зір барлық спорт­шы­­ларға қажет­ті жағдай­дың бәрі жасалып отыр.

Ал алтын жүлдеге үмітті деген спорт түрлеріне агенттік төр­­ағасы ауыр атлетика, күрес түр­ле­рі, бокс пен жеңіл атлетиканы жат­қызатынын айтты. Осы орайда ол 9 шілде күні спорт­шылар­­дың Олимпиадаға дайын­дығы туралы соңғы оты­рыстың өтетінін, сол кезде ұлт­тық құ­рамамызда не­ше адам­ның болатынын, жа­рыс­қа кім­дердің барып, кімдер­дің бармайтыны ше­шілетінін жеткізді.

Агенттік төрағасы сондай-ақ Олимпиаданың ашылу салтанатында туды ұстап шыға­тын спортшының есімі әлі бел­гісіз екенін айтты. Ал әнұран­ды жатқа айтуға байланысты ол маусым айында әрбір спортшыдан сынақ алынатынын көлденең тартты.

Жалпы, Т.Ермегияев осы кү­ні Олимпиадаға отандаста­ры­мыз 91 лицензияны алға­нын, ал­­­­­­дағы кезде 100-ден астам жол­­дама болатынына сенімін біл­дірді. Осы ретте ол Олимпиадада еліміздің 13 медальді жеңіп алуға ұмты­латынын мәлімдеді.

Сонымен бірге, қазір агент­тік «Самұрық-Қазына» қоры­мен бірлесіп, Олимпиада бойынша қаражат сомасын талқы­лап жат­қанын, Үкімет отырысында ол спортшылардың дай­ындығына Премьер-Министр­ден қосымша 997 млн. теңге сұрағанын айтты.

Кездесуде Т.Ермегияев Олим­пиадаға баратын БАҚ өкіл­де­рін хабарлады. Олардың ұзын саны – төртеу. Лондонға жанкүй­ер­лердің де баруға мүмкіндігі қарастырылып жатқанын, сол үшін оларға арнайы ән жазылып, киім-кешек пен басқа да заттары дайындалғанын жеткізді.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».