Бейсенбі, 17 мамыр 2012 7:39
Жақында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев отандастарымыздың Лондон Олимпиадасына дайындығы туралы мәліметтерімен бөлісті.
Оның айтуынша, Олимпиадаға дайындық жүйелі түрде жүргізілуде. Жолдама алған спортшылар дәрігерлік тексеруден өтіп, жарыстарға қатысуда. Осы күндері олардың Олимпиадаға дайындығы бойынша жиі-жиі мониторингтер жүргізілуде. Қазір барлық спортшыларға қажетті жағдайдың бәрі жасалып отыр.

Ал алтын жүлдеге үмітті деген спорт түрлеріне агенттік төрағасы ауыр атлетика, күрес түрлері, бокс пен жеңіл атлетиканы жатқызатынын айтты. Осы орайда ол 9 шілде күні спортшылардың Олимпиадаға дайындығы туралы соңғы отырыстың өтетінін, сол кезде ұлттық құрамамызда неше адамның болатынын, жарысқа кімдердің барып, кімдердің бармайтыны шешілетінін жеткізді.
Агенттік төрағасы сондай-ақ Олимпиаданың ашылу салтанатында туды ұстап шығатын спортшының есімі әлі белгісіз екенін айтты. Ал әнұранды жатқа айтуға байланысты ол маусым айында әрбір спортшыдан сынақ алынатынын көлденең тартты.
Жалпы, Т.Ермегияев осы күні Олимпиадаға отандастарымыз 91 лицензияны алғанын, алдағы кезде 100-ден астам жолдама болатынына сенімін білдірді. Осы ретте ол Олимпиадада еліміздің 13 медальді жеңіп алуға ұмтылатынын мәлімдеді.
Сонымен бірге, қазір агенттік «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, Олимпиада бойынша қаражат сомасын талқылап жатқанын, Үкімет отырысында ол спортшылардың дайындығына Премьер-Министрден қосымша 997 млн. теңге сұрағанын айтты.
Кездесуде Т.Ермегияев Олимпиадаға баратын БАҚ өкілдерін хабарлады. Олардың ұзын саны – төртеу. Лондонға жанкүйерлердің де баруға мүмкіндігі қарастырылып жатқанын, сол үшін оларға арнайы ән жазылып, киім-кешек пен басқа да заттары дайындалғанын жеткізді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».