• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2012

Үміткерлер аз емес

301 рет
көрсетілді

Үміткерлер аз емес

Жұма, 8 маусым 2012 6:50

Қазақ күресінен екінші республикалық турнирдің іріктеу жарыстары басталды

Өткен жылы тұңғыш рет қа­зақ күресінен Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Н.Ә.На­зарбаевтың жүлдесі үшін жарыс өткізіліп, «Қазақстан барысы» анықталған болатын. Бүгінде екінші турнирдің іріктеу жарыс­тары басталып кетті.

Іріктеу қорытындысы бойынша 2 балуан өз аймағы атынан шешуші кезеңде елордада бақ сынайды. 2012 жылдың 22 қыр­күйегінде Астанада 32 балуан бас қосып, «Қазақстан барысы» ата­ғына таласады. Жарыс 74 салмақ дәрежесінде өтеді.

Турнирдің басты жүлдесі – «тайтұяқ» және «Алтын белбеу». Оған қоса, жеңімпаз 150 мың АҚШ долларын иеленеді. Екінші, үшінші орын алғандар күміс пен қола медаль және ақшалай сый­ақы алады.

Ұлттық қазақ күресі – бұл мерекелік шара ғана емес. Оның негізгі мақсаты – қазақ күресін дамыту және жастарды ұлттық салт-дәстүрге баулу. Сонымен қатар, қазақ күресін Жазғы Олим­пиада мен Азия ойындарына қосу жоспары бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы 20 тамызда өткен респуб­ликалық «Қазақстан барысы» тур­нирінде 64 балуан күш сынасып, «Алтын белбеуді» қызыл­ордалық Ұлан Рысқұл иеленген болатын.

Биылғы турнир Мәдениет және ақпарат министрлігі, Спорт және дене тәрбиесі істері жөнін­дегі агенттігі, «КТК» республи­калық телеарнасы, Қызылорда облысының әкімдігі, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоғамдық қоры, Қазақ күресі фе­дерациясының ұйымдастыруы­мен өтуде.

Турнирдің бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».