• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2012

Алғашқы айқастар, әдепкі әсерлер

248 рет
көрсетілді

Алғашқы айқастар, әдепкі әсерлер

Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:05

Өткен жұма күні Польша мен Украинада сөреден шыққан құрлық чемпионаты қыза түсуде

Кез келген театрдың киім ілгіштен басталатыны сияқты, қандай бір ірі футбол форумының да қай деңгейде өткелі тұрғанын оның тұсаукесер ойыны байқатып береді. Бұл тұрғыдан қарағанда, Карпат тауының екі қапталын алып жатқан екі елде басталған доп додасының тартысқа толы өтетін түрі бар. Айтатыны жоқ, бұған тек маусымашар матч қана емес, сонымен бірге оның соңын ала ойналған қалған бес кездесудің барысы да толық куә бола алады.

 

 

Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:05

 

Өткен жұма күні Польша мен Украинада сөреден шыққан құрлық чемпионаты қыза түсуде

 

Кез келген театрдың киім ілгіштен басталатыны сияқты, қандай бір ірі футбол форумының да қай деңгейде өткелі тұрғанын оның тұсаукесер ойыны байқатып береді. Бұл тұрғыдан қарағанда, Карпат тауының екі қапталын алып жатқан екі елде басталған доп додасының тартысқа толы өтетін түрі бар. Айтатыны жоқ, бұған тек маусымашар матч қана емес, сонымен бірге оның соңын ала ойналған қалған бес кездесудің барысы да толық куә бола алады.

Польша-Грекия 1:1. Көпші­лік күткендегідей, екі жақтың да жат­тықтырушысы кездесуді барынша сақ тактикамен өрбітті. Ай­та­лық, Франтишек Смуда поляктар жасағын алаңға бір ғана таза шабуылшымен шығарса, Фернанду Сантуш өз кезегінде грек­­терді бірден бес шартты қорғаушы етіп орналастырды. Алай­да, бұлар­дың арасында старт­тық құрамның талассыз ойыншысы саналып келген Кириакос Пападопулосқа ор­ын табылмай қалды. Ал ойын­ның жүйкені шабақтайтын шай­­­қас бол­мағы шу дегеннен-ақ аң­ға­­рыл­ды. Сауысқаннан сабақ ал­­ған командалар болса, жаппай ал­­ға ұмтылуға да аса асыға қоймады.

Дегенмен, қақпа алдындағы алғашқы қауіпті жағдайды алаң иелері матчтың 4-минутында ту­ғызып үлгерді. Мұның соңы нә­тижесіз ұрылған бұрыштама добына ұласты. Осыдан соң поляктар қарқынды күшейтуге әрекет жасап бақты. Гректер әдепкі жү­йе­лі шабуылын тек 12-минутта ғана жасай алды. Команда капитаны Гиоргос Карагунис берген пасты нысанаға бағыттаған Теофанис Гекас допты қақпаның жанынан жөнелтті. Мұның артынша қарсы шабуылға көтерілген поляктардың соққысы да айтар­лықтай қауіп әкелді. Осы текеті­рес­тің ақыры 17-минутта чем­пио­наттағы ең алғашқы голдың соғылуымен аяқталды. Алдымен алаң ортасынан өте Якуб Блашиковски алдағы Лукаш Пищекке доп асырды. Өз кезегінде ол еш­кімнің бақылауынсыз тұрған Роберт Левандовскиге пас жеткізді. Ал голкипермен бетпе-бет келіп қалған Робертке допты басымен жерге бір ұрып барып есеп ашқаннан өзге ештеңе қалмады.

Ойын осыдан кейін тіпті қы­зып ала жөнелді. Біз бұл жерде испаниялық төреші Веласко Кар­бальюдің грек Сокрастис Папастопулосты алаңнан жөнсіз қу­ға­ны мен бірінші таймда поляктар қақпасына белгіленуге тиісті пе­нальтиді ескермегені туралы сөз етіп те жатқымыз келмейді. Мұ­ның есесіне ойынның екінші бө­лігінде гректер айтарлықтай батыл ойнай бастады. Олардың есепті теңестіріп кетулеріне қақ­па­шы Войцех Щесны мен қорғау­шы Марцин Василевскидің бір-бірін түсінісбеушілігі себеп болды. Осыдан кейін көпшілік ежел­гі Эллада ұрпақтары бүкіл команда болып тас қамал қорғанысқа көшетін шығар деп шамалап еді, олар керісінше батылданып ал­ып, қарсы жақтың қақпасын торуылдауды күшейте түсті. Бұған жаттықтырушы жасаған ойыншылар алмастырушылық та оң әсер еткен сияқты. Соның арқа­сында олар тіпті кездесудің 71-ми­нутында алға шығуға да мүмкіндік алды. Бірақ бетпе-бет келген Димитрис Салпингидисті қағып құлатқаны үшін өзі алаң­нан қуылып қана қоймай, 11 метр­лік айып добын да белгілетіп кеткен Щесныдың орнын Мацей Рыбустың есебінен басқан қақ­па­шы Пшемыслав Тытонь өз дарбазасын анық голдан сақтап қалды.

Ойынның соңында екі жақ та есепті өзгерту мүмкіндіктерін жі­беріп қойды. Сонымен жан алысып, жан беріскен айқас ақыры тең нәтижемен аяқталды.

Ресей – Чехия 4:1. Бұған дей­ін­гі құрлық чемпионатында ре­сейліктер ешқашан бірінші матчын бұлайша жеңіспен аяқта­ма­ған екен. Осы жолы соның көбесі сөгілді. Ал осы шайқас басталған бойда команданың старттық құ­ра­мын көрген жанкүйерлердің көбінің көңілін күдік билегені рас. Бақсақ, жаттықтырушы Дик Адвокаттың да бір білгені бар екен. Оның қақпаға Игорь Акин­феевтің орнына Вячеслав Мало­феевті қоюы да, шабуылдың өті­не Марат Измаиловты емес, Алан Дзагоевты шығаруы да өзін-өзі ақтады. Олай дейтініміз, Малофеев бір мәрте өз қақпасын үлкен шеберлікпен сақтап қалса, қалған жағдайдың бәрінде позицияны жақ­сы таңдай білуі арқылы өте се­нім­ді ойын көрсетті. Ал қар­сы­ластар қақпасын екі рет дәл көздеген Дзагоев жүдә кездесудің басты қаһарманына айналып шыға келді.

Бірақ кездесудің басында ор­ыстардың асығыс әрекеттерінен түк шықпай, оның бастапқы жа­ғында чехтардың басымдылығы біліне берді. Ресейліктер тек 12-минуттан кейін қарай ғана бұрыштама добын ұру арқылы негізді түрде шабуылға көшуге бет бұрды. Олар мұнда да өзде­рінің әдепкі таңдаған тактикаларынан – екінші нөмірмен ойнаудан бас тартқан жоқ. Осының орайында мамандар «жабу жа­мыл­ған жүйрік» ретінде бағала­ған Чехия құрамасы орыстар ұй­ым­дастырған бірнеше жойқын қар­сы шабуылға шыдас бере алмай қалды. Бірінші таймда гол со­ғуға қолайлы тап сондай төрт мүм­кін­дік орын алса, солардың тең жартысы оңтайлы жүзеге асты.

Екінші тайм ауырлау өтті. Бір­ден ойын тізгінін қолға алған чех­тар көп ұзамай бір голдың қарымтасын қайтарып үлгерді. Бұдан соңда қысымды күшейткен олар қарсы қақпа алдында қар­ба­ласты көбейтті. Міне, сол сәттер­де орыстардың тәжірибесі көмек­ке келді. Олар тұйықтан ақырын­дап шығып, қарсыластарын қайта қыспаққа түсірді. Ал екі жақтағы ойыншылардың шаршағандары біліне бастаған шақта ресейлік­тердің шеберліктері мәселені тү­гелдей өз пайдасына қарай ше­шіп кетті. Осы тұста бірінен соң бірі соғылған екі гол чех командасын талқандауға дейін алып барды.

Енді қалған төрт ойын туралы қысқаша айтып өтер болсақ, онда ең алдымен Голландия құрама­сы­ның Дания командасынан 0:1 есе­бімен ұтылып қалғаны ойға оралар еді. Бұл матчта бірінші­лік­тің фавориттерінің бірі санал­ған жа­сақ барын салып көрді. Алайда, даттардың берік қорға­ны­сы мен жіті шабуылына қарсы қоятын амал таппады. Сондай бас­ты үміт­керлердің бірі – Германия өз ре­тін­де Португалияны әрең тізе бүк­тір­ді. Испания мен Италияның тең ойыны (1:1) да көп жағдайда заң­ды­лық болып көрінеді. Ал Хорва­тияның Ирлан­дияны алып та, шалып та жық­қанына (3:1), сірә, ешкімнің кү­мә­ні қалмаған шығар.

Кеше Д тобындағы Франция – Англия, Украина – Швеция құра­малары арасындағы ойындармен бірінші тур тәмамдалды. Бет қат­талып жатқанда аяқталған Франция-Англия матчында ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».