Сәрсенбі, 13 маусым 2012 7:47
Қазақстандық жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасы жолдамасының иегері Ольга Рыпакова тағы да қалың елін жарыстағы жеңісімен қуантты.
Жеңіл атлетиканың үш қарғып секіру, жетісайыс, ұзындыққа секіру түрлеріне маманданған, дәл қазіргі кезде еліміздегі беделді спортшылардың бірі саналатын Ольга Рыпакова жақында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен «Гауһар лигасының» кезекті кезеңінде топ жарып, жеңімпаз атанды.

Осы кезге дейін болған көптеген жарыстарда алтынмен апталып, күміспен күптеліп жүрген Рыпакова Нью-Йорк аренасында алғашқы мүмкіндігінде 14,71 метрге қарғып, осы нәтижесінің арқасында бас жүлдені жеңіп алды.
Жалпы, биыл Лондон Олимпиадасының алдында өтіп жатқан жарыстарда О.Рыпакова тіл-көзіміз тасқа, жақсы нәтиже көрсетуде. Биыл ол Қытайдың Шанхай қаласында өткен «Гауһар лигасының» екінші кезеңінде қола жүлдеге ие болса, Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында болған әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Одан кейін Катардың Доха қаласында өткен «Гауһар лигасында» үш қарғып секіруде жеңімпаз атанса, Италияның Рим қаласында өткен тағы бір «Гауһар лигасында» екінші орынды еншіледі.
О.Рыпакова – екі дүркін Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, Олимпия ойындарына қатысушы.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».