• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2010

КЕДЕНДІК ОДАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАРЫ

778 рет
көрсетілді

Қазақстан, Ресей, Беларусь елдеріне арналған бірыңғай эконо­микалық кеңістік арадағы қарым-қатынастардың қызу әрі жылдам жүруіне ықпал етуде. Белоруссия елінен келген бір топ делегация Се­мейде болып, бірқатар келісімдерге қол жеткізген болатын. Атап айтқан­да, қала әкімі Мейрамхат Айн­а­беков пен Могилев қала­сының мэрі Станислав Бородавко әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында келісімдерге қол қойды. Екі қала кәсіпорындары жағынан бір-біріне ұқсас. Бұл өзара маңызды әріптестіктің қатарына жатады. Семей Ертіс өзенінің бойында орналасса, Могилев Днепрдің жағасында тұр. Екі қалада да тұрғындар саны 300 мыңнан асады. Семей қашанда сауда орта­лығы болған. Қытайдан 500 ша­қырымда, Ресейден 150 шақырым жерде орналасқан. Семейдің Минскідегі трактор зауытымен іскерлік байланысы басталғанына бір жылдай уақыт өтті. Биылғы жылдың өзінде жиып, құрастыруға 420 трактор түсіпті. Минск трактор зауыты маркетинг-директорының бірінші орынбасары Валерий Александров Семейдегі трактор жасайтын СемАЗ кәсіпорнында шығарылатын өнімдер сапалы, сондықтан да зауыт Орталық Азияға ауылшарушылық көліктерін шығаратын ірі өндіріс орнына айнала алады дейді. Биыл алғаш рет мыңдаған техника шығарыл­мақ. Қазір қолда бар үлгіге қо­сымша жер жыртатын энергиялық қуаттылығы жоғары трактор түрі өндіріске енгізіледі. Беларусь елінің Бобруйск қаласындағы “Агромаш” кәсіпорнының өндіретін трактор тіркемелері мен қосымша жабдық­тары СемАЗ-дағылар үшін қызығу­шылық туғызуда. Осы жабдықтар Семейде де шығарылатын болса онда коммуналдық шаруашылыққа қажетті трактор түрі жасалатын болады. Жол сыпырғыш, қар кү­регіштердің тракторға жасақталған түрлері қазіргі заман талабына сай қамтылмақ. Белоруссиядан келген өкілдер бұл жабдықтарды СемАЗ-да шығару үшін қажетті өндіріс алаңдары мен тәжірибелі ма­ман­дар­дың бар екендігіне көз жет­кізді. “Беларусь” тракторы Еуропада шығарылатын тракторларға қа­ра­ған­да бағасы арзан, сапасы жоғары. Мәселен, өткен жылы Минск трак­тор зауыты 47 мың дана техника түрлерін шығарса, оның 6 мыңы Белоруссияға қалдырылып, қалға­ны Ресейге экспортқа шығарылған. Үш елдің кедендік оңтайлы өзге­рістері тауарларды алмасу бағытын­дағы экономикалық зор мүмкін­шілік. Әсіресе, кәсіпкерлікке бетал­ғандар үшін бұл оңтайлы жүйе болып отыр. Могилев мэрі Ста­нислав Бородавконың айтуынша, шаруашылық саласында тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу өндірісті ілгерілетеді. Билік орын­дары әріптестік байланыс­тың да­муына ықпал етіп отыр. Кәсіп­орын жұмысы дегеніміз – бұл қаланың өсіп-өркендеуіне қажетті салықтар. Қолда бар мүмкіндік­терді пайдалану уақыт еншісінде. Могилевте де қазақтар тұра­ды, — деді Станислав Бородавко, – олар негізінен Кеңес одағы кезінде әскери борышын өтеп жү­ріп, содан кейін біржола тұрақ­тап қалғандар. Олардың барлы­ғының да халдері жақсы. Бело-руссия екінші отандары болып кеткен. Тағы бір айта кетер мәселе, автобус құрастыратын “DAEWOO BUS KAZAKHSTAN” кәсіпорны осыдан бір жыл бұрын тұралап қалған еді. Қазірде зауыттың цехтарында жұмыс толығымен жалғасты. Ресейдегі жолаушы­ларды тасымалдайтын көлік құра­лы ретінде мақұлданған серти-фикатқа ие болу ертеңге деген нағыз сенім. Алғашқы автобус­тар­ды Мәскеу мен Том қалалары алыпты. Кедендік одақтың қазіргі шарттары автобус бағасына тиімді болып отыр. Олардың шарты бойынша автобустардың жоба­сына сәл-пәл өзгерістер енген екен. Кәсіпорын болашақта 120 орындық автобус түрін шығаруды жоспарлап отыр. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, Семей.