Сенбі, 7 шілде 2012 7:29
Жақында ғана дүбірлеп өткен Еуро – 2012 чемпионатында осы шараны барынша насихаттау үшін арнайы конкурс өткізілген еді. Ол блоггерлер мен журналистерге арналған болатын. Міне, сонда біздің әріптесіміз Аршат блоггерлер ішінен жеңімпаз атанса, журналистер ішінен «Pro sport» газетінің бас редакторы Евгений Гайдамакин бірінші орынға ие болды. Сөйтіп, байқауға қатысқандардың арасынан сурылып шыққан қос әріптесіміз 2 күн бойы Украина астанасында болып, төрт жылда бір келетін жарысты тамашалауға мүмкіндік алды.

Біз Аршат екеуміз бір ұжымда жұмыс істейтіндіктен оның Еуро-2012-дегі командалардың дайындығы, онда қай елдің құрамаларының жақсы өнер көрсететініне болжам жасап жүргенін білетінмін. Сол кезде оның өзі жасаған Керекинфо сайтында Еуро-2012 туралы көптеген қызықты және тартымды материалдары шықты. Осы сараптамалық материалдар мен болжамдарға көптеген оқырмандардың назар аударғанын білеміз. Ал Аршаттың өзі сол дүниелерін жинап, конкурста блоггерлер арасында жеңімпаз атанғанда әріптесіміздің барлық әлеуметтік желідегі достарының шын жүрегімен тілектестігін білдіріп, қуанбағаны жоқ десе болады. Аршат Киевке барғанда да сол жақтан интернетке өзінің көрген-білгендерін, суретке түсіргендерін жариялап отырды. Бұл материалдары да интернетті пайдаланушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Әріптесіміздің сол жазғандарының ішінде Еуро-2012-нің Украина үшін қаншалықты маңызды болғаны туралы пікірі назар аудартады. «Қонақжай Украинаның Еуро-2012-ден түскен табысы 500 миллион еуроға жетті. Алғашқы кезде көпшілік бұл елдің чемпионатты лайықты өткізе алмайды, оған мұндағы саяси жағдай мен кейбір жағдайлардың әрекеті кері әсер етеді деген еді. Жоқ, олай болмайды», – деді Аршат. Тағы бір жерде әріптесіміз: «Украина ұтылмады. Спорттық көрсеткіші бойынша бұл ел өз тобында 3-ші болып, ширек финалға да шыға алмағанымен, экономикалық тұрғыдан да, қоғамдық тұрғыдан да ұтты. Қаншама турист келіп, Украинаның қандай ел екенін танып кетті емес пе. Осы чемпионат үшін жаңа спорт кешендері салынды, халықтың спортқа деген әуестігі өсті. Ұлттық құраманың арқасында ел біртұтас бола алды, патриотизмі күшейе түсті», деген пікірін білдірген.
Жалпы айтқанда, әріптесіміздің мыңдаған адамдардың ішінен суырылып алға шығып, конкурста жеңімпаз атанғаны данышпан Абай атамыздың: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратын екі жақтап», деген өсиетіне байланыстырып айтуға болады.
Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».