• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Шілде, 2012

Тілек

420 рет
көрсетілді

Тілек

Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:32

Әр жеңісің бар қазақтың арманы,Жолың болсын, алашымның арланы.Желбіресін кәрі құрлық төріндеҚазағымның қыран құсты байрағы.

 

Тілек

Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:32

Әр жеңісің бар қазақтың арманы,Жолың болсын, алашымның арланы.Желбіресін кәрі құрлық төріндеҚазағымның қыран құсты байрағы.

Ұмтыл алға, ұмтыл тағы, қайраттым,Еңсесіне жауапты сен байрақтың.Үкілеген үміті сен еліңнің,Қазақ дейтін бұзылмаған қаймақтың.

Ұрпағы сен қазақ дейтін ұлы елдің,Сен болмасаң ұлылықты білер кім?Жасымасын бойыңдағы намысың,Үзілмесін үміт пенен күдерің.

Сәтті сапар мен сендерге тіледім,Қуанышқа бөле қазақ жүрегін.Көк байрақты көктен ғана көретінКөкірегі көктемдердің бірі едім.

Бауыржан ТУЛБАХАН.

Қарағанды.