• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2010

ЕРТЕҢІМІЗ – САПАЛЫ БІЛІМДЕ

650 рет
көрсетілді

Қазіргі ғаламдану заманы қандай елдің болмасын даму жо­лын анықтауына үлкен салмақ салып отыр. ХХІ ғасыр, бір жағы­нан, ғылым мен өндірістің қар­қын­дап дамыған, инновациялық технологиялар ғасыры болса, екін­ші жағынан, дамыған елдер эконо­мика әлемінде өз бағыт-бағдарын бекем ұстап, шамалары жеткенше, ешкімді жақындатпай, оқ бойы алда жүруді мақсат тұтуда. Осын­дай күрделі кезеңде бар елдің экономикасына ауыр жүк салған жаһандық дағдарыс басталды. Бұл дағдарыс қай елге болмасын, үл­кен сын сағаты болды. Еліміз де бұл дағдарыстан шет қала алмады. Бірақ, көрегендік даналығын дү­ние жүзінің озық ойлы ғұламалары мойындап отырған, біздің Елба­сымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың салиқалы саясатының арқасында, қазақ елі бұл дағ­дарыс­қа төтеп берді. Осы дағдарыстың сабағын бізге терең түсіндіріп келген Елбасы өз Жолдауында: “Менің басты мақсатым – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу”, – деп ойын ашық айтады. Менің ойымша, бұл Жолдау ешбір қазақстандықты бей-жай қалдырған жоқ. Себебі, әр адам­ның көкірегіне терең ой салған, елдің келешек дамуының анық бағыт-бағдарын көрсеткен үлкен жолдау болды. Жолдауда елімізде білім беру сапасын дүние жүзінің озық елдері деңгейіне жеткізу мақсатында ат­қа­рылуы қажетті ең түйінді мәсе­лелер нақтылы айтылған. Еліміз егемендік алғаннан бері Елбасы жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беру мәселелерін күн тәртібінен шығарған емес. Біздерді Елбасының білім беру саласын терең білетіні тәнті етеді. Бірде, Елбасы, жапон елінде ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ұлт­тық рухани адамгершілік тәрбие­нің маңызына ерекше көңіл бөл­ген болса, үстіміздегі жылы Үкімет мүшелерімен өткізген мәжілісте, финн елінің даму үрдісін үйрену­дің қажеттігіне тоқталды. Осы екі елдің ғарыштап дамуының түп не­гізі оларда білім беру жүйелерінің ғылыми негізде дұрыс ұйымдас­тырылғанында болып отыр. Білім беру саласында еңбек ететін қызметкерлер алдына нақ­тылы мақсат-міндеттер жүктел­ген. 2020 жылы елімізде 12 жыл­дық білім беру жүйесі нәтижелі жұмыс жасауы тиіс, кәсіптік және техникалық білім экономика сұраныстарына толық жауап берулері керек, еліміздің жоғары оқу орындары рейтінгі әлемдегі озық университеттер рейтінгі топтамасына қосылуы қажет. Білімнің түп қазығы мектепте қаланады. Іргетасы жоқ жерде ғи­марат та жоқ. 12 жылдық білім беру жүйесіне өтудің басты мақ­саты – білім беруге негізделген оқыту жүйесінен, нәтижеге бағдар­ланған білім беру жүйесіне көшу. Мұндай жүйе барлық дамыған елдерде нәтижелі жұмыс жасауда. Осындай жүйе толық іске асырыл­ған жағдайда ғана білім сапасы қарқынды дамитын болады. Бұл біздің бәріміздің де ортақ мақсатымыз болуы керек деп ойлаймыз. Қазіргі жаһандану заманында елім, жерім, тілім деп соққан жүрегі бар, һәм зейінді де зерделі жастар тәрбиелеген жағдайда ғана Қазақ елінің келешегі кемел болатынын ескергеніміз абзал. Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті.