• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Сәуір, 2019

Терроризм – ешқандай ақтауға жатпайтын қатыгездік

1086 рет
көрсетілді

Биылғы 21 сәуір күні таң­ертең Шри-Ланканың католик храмдарында Пасха мейрамын атап өту кезінде терактілер жасалып, сегіз жарылыс болған. Олар Shangri La, Cinnamon Grand, Kingsbury Hotel қонақ үйлерінде, елдің батысындағы зоопаркте, астана төңірегіндегі тұрғын үйде және т.б. жерлерде орын алған.

Соңғы деректер­ге қа­ра­ғанда, жарылыс­тан қаза тапқандар саны 262 адам­ға жеткен. Ал­ жапа шек­кен­­­дердің жалпы саны 500-ге жуық. Жапа шек­кендер ара­сында Дания, Жапония, Пәкістан, Марокко, Үндістан, Бангладеш, ҚХР, Нидерланд, АҚШ, Түркия және Англия азаматтары бар. Бірақ негізгі бөлігі жергілікті азаматтар. Деректерге қарағанда, бар­лығы 35 шетелдік азамат­тың жапа шеккендігі айтылуда. Қаза тапқандар арасында тек Ұлы­британия азамат­тарының бар екендігі мәлім болды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Шри-Ланка Ішкі істер министрлігінің ақпа­ратына сүйеніп, қаза тап­қан­дар арасында Қазақстан аза­маттары жоқ екенін хабар­лады.

Қазір Шри-Ланка өкіметі жарылыстарға қатысы болуы мүмкін деген 13 адамды құрықтаған. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тер­рористік актілерді айыпта­ған мәлімдеме таратты. Онда Қазақстан терроризмнің бар­лық түрдегі формаларын­ айып­­­­тайтындығы және әлем­­­дік қоғамдастықпен бір­­­­­ле­сіп, бұл жауыздыққа қар­­сы батыл күрес жүргізуі керек­тігі айтылған. Сонымен бірге мә­­лімдемеде жапа шек­кен­дердің отбасыларына, бар­лық Шри-Ланка хал­қы мен өкіметіне көңіл айты­лып, те­рак­тілерді ұйым­дасты­ру­шы­лар мен орындаушылар тиісті жазасын алатынына се­нім білдірілген.

Қазір Шри-Ланка өкіметі елде төтенше жағдай жария­лап, коменданттық сағат ен­гіз­ген. Елдің қорғаныс ми­нистрі Руван Вийевардене сегіз жарылыстың екеуін тер­­­рорист-жанкештілердің жа­­са­ғаны анықталғанын жариялады. Қазір олардың кім екендігі анықталған және олар экстремистік топтарға мү­ше екендігі де белгілі болды.

Еске сала кететін болсақ, биыл 15 нау­рызда Жаңа Зе­ландияның Крайстчерч қа­­­­­ласының екі мешітінде 28 жасар Брентон Таррант деген қанішер де террористік акті жасап, 50 адамды өлті­­ріп,­ тағы да 50-ге жуық адам­ды жаралаған еді.­ Алдымен ол Әл-Нұр мешітіне келіп, намаз уақытында мұсылмандарға оқ жаудырған. Содан кейін автомашинасына мініп, екін­ші мешітке жеткен. Мұн­да да кәрі-жасқа қарамай, ме­шіттегілердің бәрін қыра бер­­­ген. Қанішердің қолынан қаза тапқандардың жастары үш пен 77 жас аралығындағы бей­біт жандар. Ал қанішердің өзі Аустралияның ультра­ оң­­­шыл көзқарастағы то­бы­­­ның мүшесі екендігі анық­тал­ған. Егер кей­бір азаматтар оның қо­лына ұмтылып, қаруын қағып тү­сіруге тырыспаса, қаза болғандар мен жапа шеккендер саны бұдан да ар­тық болар еді. Соның бірі Ауғанстаннан 80-жылдары Жаңа Зеландияға қоныс аударған 71 жастағы Дауд Наби болған.

Терроризмде ұлт та жоқ, дін де жоқ. Олардың қан­ды әрекеттерін ешкім де, еш­қа­шан да ақтамайды. Еш­қан­дай жазығы жоқ бей­біт тұр­ғындарды өзінің қаскөй әрекетінің құр­баны ету – нағыз надан адам­дардың әрекеті.