Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде айтты.
«Құрметті отандастар, екі апта бұрын Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізуге қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев айқын саясат жүргізуді жақсы біледі. Бұл арқылы біз бүкіл әлемге демократиялық жолды таңдағанымызды тағы дәлелдедік», деді Елбасы.
Елбасы өз сөзінде Президент сайлауы халықты биік мақсаттарға жетелейтініне сенім білдірді.
«Қазақстандықтар бүгінгі тарихи кезеңде бірлік танытады деп сенемін. Партия атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент сайлауына кандидаттыққа ұсынамыз. Қасым-Жомарт Тоқаевты Мемлекетті басқаруға әбден лайық деп есептеймін, мен оған сенемін» деді Н.Назарбаев.