Бұл туралы «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде айтты.
«Уақыт зымырап өтеді. Міне қазір, жақсы жарқын күндерге жеттік. Қазіргі уақыт өте маңызды уақыт. Бұл заман - бірлік заманы. Тыныштық пен тұрақтылық – бейбітшіліктің тірегі. Сондықтан ел сайлауының өтуі бәріміз үшін өте маңызды. Сіз ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев елге өте танымал тұлға, топ зиялысы, ұлттық құндылықтардың шынайы жанашыры. Сіз сенген адамға ел де сенеді», деді Нұртөре Жүсіп.