Ташкентте велоспорттан Азия чемпионаты жалғасуда. Ерлер арасындағы жекелей сында Даниил Фоминых алтын медаль иегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.
Ауа райының қиындығына қарамастан, қазақстандық спортшы мәре сызығын бірінші болып кесті. Даниилдің уақыт көрсеткіші – 49:42.86.
Айта кетелік, Азия чемпионаты Қазақстан спортшылары үшін сәтті өтуде. Ерлер арасындағы командалық сында біздің команда топ жарса, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Максим Попугаев, Ульяна Сухоребрик пен Евгений Федоров жеңімпаз тұғырына көтерілді.