• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2019

Асқар Амрин үлескерлік құрылыс мәселелеріне жауапты болады

768 рет
көрсетілді

Қала әкімдігінде жаңа тағайындауларға байланысты әкім орынбасарының функционалдық міндеттері қайта қаралды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдіктің мәліметінше, үлескерлік құрылыс мәселесі құрылыс саласымен байланысты болғанымен, белгілі бір ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, үлескерлік құрылыс мәселесі құқық қорғау органдары мен салық органдарының қатысуымен, сондай-ақ қаржылық мәселелер ескеріле отырып қаралады. Сондықтан қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин құрылысқа үлестік қатысу бойынша ведомствоаралық комиссияның жұмысын үйлестіруді жалғастырады. 

Айта кетейік, Асқар Әмрин салық, бюджеттік және экономикалық саясат, жұмылдыру дайындығы, шұғыл әрекет, аумақтық және азаматтық қорғаныс, азаматтарды әскери қызметке шақыру, құқық бұзушылықты болдырмау, сондай-ақ, үлескерлік құрылыс мәселелеріне жауапты.