• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2013

Сезімсіз шенеуніктер билейтін ел болып қалмайық

234 рет
көрсетілді

Сезімсіз шенеуніктер билейтін ел болып қалмайық

«Жақсы өмір сүру үшін адамға не қажет?» деген сауалнаманың сұрағына ресейліктер… «е, өзіңнің үйің, мәшинең, жақсы ақы төлейтін жұмыс орның, жыл­жымайтын мүлігің, жерің қажет деп жауап берген шығар» деп ойлаймыз ғой, баяғы. Жоқ олай емес екен. Көр­шілеріміздің көбі: тиын санамайтындай орташа тұрмыс, өзімнің және жақындарымның дендерінің сау болғаны және…». Ешқашан да таба алмайсыз. «Әділетті және ақылмен басқарылатын қоғам қажет» деген екен. Міне, қайда мәселе? Қоғамдағы былық-шылықтар адамды байлықтан да, барлықтан да без­діріп, ең бастысы денсаулық пен қо­ғам­ның дұрыс болғанын ғана қалауға жеткізіпті.

 

«Жақсы өмір сүру үшін адамға не қажет?» деген сауалнаманың сұрағына ресейліктер… «е, өзіңнің үйің, мәшинең, жақсы ақы төлейтін жұмыс орның, жыл­жымайтын мүлігің, жерің қажет деп жауап берген шығар» деп ойлаймыз ғой, баяғы. Жоқ олай емес екен. Көр­шілеріміздің көбі: тиын санамайтындай орташа тұрмыс, өзімнің және жақындарымның дендерінің сау болғаны және…». Ешқашан да таба алмайсыз. «Әділетті және ақылмен басқарылатын қоғам қажет» деген екен. Міне, қайда мәселе? Қоғамдағы былық-шылықтар адамды байлықтан да, барлықтан да без­діріп, ең бастысы денсаулық пен қо­ғам­ның дұрыс болғанын ғана қалауға жеткізіпті.

Бізде ше… Мұндай сауалнама жүр­гі­зілетін болса біздің адамдар да дәл осыны айтар еді. Тіпті, әділетті қоғам қа­жет дегенді алдымен ауызға алуы мүм­кін. Өйткені, қазіргі қоғамдағы түр­лі формадағы әділетсіздіктер әбден күй­зел­тіп барады.Мемлекеттік билікті іске асыратын жоғары-төмен деңгейдегі қызметкерлер ғой. Ондайлар қазір бізде бір сезімсіз, жансыз, адамгершілік дегеннен жұрдай шенеуніктер отрядына айналды. Ал­дыңа келген адамды неге дұрыс қабыл­да­майсың? Ау, аяушылық қайда, әділет қайда, адамгершілік болу керек қой десең, «Бұл саған социализм емес, нарық. Әркім өз жағдайын өзі ойлауы керек» деп бетіңе былш еткізіп, өздері шығарып алған пәлсапаларын соғады. Нарықта тек осындайлар ғана қарқ болуы керек сияқты. Баяғыдан бері нарықта өмір сүріп келе жатқан дамыған елдерде заңмен бекітілген әділет үстемдік ететінін олардың мұрнына иісі де бармайды. Егер олардың шенеунігі содан сәл ғана ауытқитын болса, бір-ақ сәтте оңқасынан түседі. Сондықтан халықтың алдында олар зыр жүгіріп қызмет етеді. Ал біздегілер… Өздеріне берілген жоғарғының тапсырмасын орындаған болып жүреді, бірақ түпкі мақсаттары қайтсе де қалтаға «бірдеңені» оңайдан басу. Алдына қарапайым халықтың өкілі келсе болды, сыздап, мұздап, қолы тимей жатқансып, шалқақтап, шарықтап кетеді. Ақсақал келсе де, көксақал келсе де, көп балалы ана келіп тұрса да, қайғы жеп қан жұтып жүрген кембағал жан келіп тұрса да – бәрібір, осы мінезінен айнымайды. Адамды сыйлау деген олардың түсіне де енбейді. Лексиконында да жоқ шығар. Осыны көрген халық қазір әкімдік дегендерге жоламайтын да болыпты. Барса да бұрынғымен салыстырғанда 4-5 есе аз барады екен. Жуырда әріптесіміз Жолдасбек Шөпеғұл да олардың осындай мінездерін көрсетіп жазды («ЕҚ», 16 мамыр 2013 ж). Әлгі шағын мақаланың халықтың көңіліндегіні дәл басқаны сондай, сайтымызда оны қолдап пікір білдірушілер қаптап кетті.«Егеменнің» қасындағы екі қабатты ескі «хрущевка» жатақханалардың біріндегі бір бөлмеде жеті баласымен тұратын Астананың 1988 жылдан бергі тұрғыны Қайыр Балғожин деген азаматтың тұрғын үй мәселесін жақсарту қажеттігін айтып екі рет мақала жаздық. Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев та бұл мәселені көтерді. Ешқандай нәтиже жоқ. Сөйтсе, Қ.Балғожиннің атындағы бір бөлмелі жатақхана қуысы оның үйі барының дәлелі екен, сондықтан оған пәтер беруге болмайтын көрінеді. Тіпті, үй алу кезегіне де тұрғызбады… Ал егер… сол үй беру мәселесін шешуге қатысы бар бір шенеунікке «бірдеңе» қыстырып жіберсе, ол мәселенің шешілу жолын оп-оңай табар еді. Бірақ заңды жолмен шешілуге тиісті дүние үшін адам неге қылмысты жолға баруы керек?Адам алдымен аштан өледі. Бал­ғо­жин­нің балалары аш емес, ендеше ептеп, ертең ержетер-ау. Бірақ осылар еліміздің патриоты бола қояр ма екен? «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дегенге құлақ қояр ма? Бір-біріміздің үстімізге жатып, бір-бірі­міз­ді басып-жаншып өскенбіз, сол кезде, бізді ешкім керек қылмаған, қол үшін бермеген. Ендеше, біз мұндай ел үшін неге отқа түсуіміз керек десе қарсы сөз айта аласың ба?Патриоттық сезім дегеннің өзі сүйіспеншіліктен туады ғой. Қазақтарды Моңғолиядан, Ауғанстаннан автомобильмен, ұшақпен алып келіп жатқанда еліміз үшін кеудемізді қаншама мақтаныш, шаттық кернеді? Міне, қазақ елі қандай, ешқашан да ешбір баласын жатта, қауіпте қалдырмайды деп күмпілдеп айтпаған жеріміз жоқ. Патриоттық сезіміміз отша шалқыды. Ал елдің ішіндегі, қолдың үшіндегі нәрсеге келгенде көмек қылмаймыз…Жуырда КТК арнасы Алматыдағы ағаштан салынған жеті пәтерлі барак үйдің күйгенін көрсетті. Аңырап қалған жеті үйлі жанды алдымен бір қонақүйге жатқызыпты. Біршама уақыттан кейін әлгі қонақ үйдің иесі оларды қуып шыққан. Ешкім, ешқайдан көмектеспей жатыр деп далада қалған жандар зар илеуде. Қайда біздің өкіметіміз, көмек жасайтын қорларымыз? Айдаладағы Ауғанстанға, апатқа ұшыраса Қырғызстанға, т.б. көмек қолын созамыз, ал іштегі сондай жағдайға келгенде қол үшін созу деген жоқ. Бәріне Президенттің пәрмені керек пе? Ал ол жалғыз, қайсына жетеді? Осы мәселені орта деңгейдегі шенеуніктер де шындаса шеше алады ғой. Бірақ олар адам тағдырына ешқашан алаң болғысы келмейді. Өйткені, ондай жерден өздеріне түсім жоқ. Сондықтан жоғарыдан бұйрық жоғын сылтауратып, өздерінің «әркім өз мәселесін өзі шешсін, бұл нарық» деген пәлсапасын соғып отыра береді.Жалпы, осы «КТК» деген арнаны көрсең – өмір сүргің келмей кетеді. Оның жаңалықтарына қарасаң кілең бір өрт алған, су басқан, құлаған, жылағандарды көресің. Ал біздің өкімет ешқашан, ешкімге көмектеспейтін сияқты. Өтірік болса соларды өкімет сотқа бермес пе еді. Демек, бәрі шындық… Ендеше сұмдық…Әрине, мұндай дүниелер 5-6 болса көңіл аудара қоймас едің, бірақ күннен-күнге көбейіп бара жатқанын көргенде – «көрмес түйені де көрмес» дегеннің керімен міз бақпай қарап отырсақ – әділеттігіміз қане? Біз бәзбір басылымдардай немесе ТВ-лардай шарасыздықтың байбаламын салудан аулақпыз. Осы аталған секілді келеңсіздіктер жергілікті жерлердегі әкімдер, орталықтағы министрлер мен олардың командасының дұрыс ниеті болса оп-оңай-ақ шешілетін дүниелер. Тек соған тиісті шенеуніктер дұрыс мән беріп, өзіне қатысты міндет екенін түсініп отырса болғаны. Қазір «А» корпусының кадр резервіне өтуге конкурс жүріп жатыр. Талай, не білімі, не білігі жоқ, ақшамен ғана адам болып жүрген Шымкенттің «Шаншар» театрында айтылатын «басына есек тепкен» Үбән секілді әкімдер орнынан ұшатын болды. Өте сауапты іс. Әрине, қатеден өте алмай қалған өрелі азаматтар да жоқ емес, бірақ конкурсқа жақсы дайындалуды ойламаған олар өздерін ғана кінәлауы керек. Алайда осы біліктілік сынау үшін ұсынылған он заңның ішінде мемлекеттік қызметшінің Ар-намыс кодексі жоқ болғанына өкініп қалдық. Одан әртүрлі сұрақтар болғанымен жеке өзі алынбаған екен. Енді осынау, кадр резервтеріне өткендерді лауазымдарға тағайындарға Ар-намыс кодексінен жеке емтихан болса екен дейміз. Бұл кодекспен таныспаған, талаптарын білмеген адамнан тиімді басқарушы шығуы екіталай. Ал оны мойындаған басшы жоғарыда аталған мәселелерді оп-оңай шешетін болар еді. Бастықтан дұрыс ишара болса, қарамағындағылар халықтың мүддесі үшін зыр жүгіріп еңбек етері хақ.Ал әзірге… Әзірге Б.Рахымбекова сияқты шенеуніктер орынтақтан көтерілуге ерініп, сырғытпа жауап, жалтарма сөзбен адам тағдырын ойыншық қылып, құтыла салудан қолдары «босамайды». Сондайға өздері қатты шаршап та жүреді және. Оның психологиясы: «мен неге жәйдан-жәй Балғожиндер үшін жүгіруім керек» дегенге байланып қалған. Өзінің тікелей міндетімен қатар азаматтық борышы да бар екенін ол ешқашан ойламайды.Қазақстандықтардың патриотизмі негізінен Елбасының өрелі істеріне сүй­сінуден туындайды. Жергілікті билік ие­лері арасынан оқта-санда ғана бір жан сүйсінтетін істер көріп қаласың. Со­ның ішінде Астана қаласы әкімі И.Тас­мағамбетовтың бір ісіне өз басым қатты риза болып, сүйсініп жүремін. Қаланың қақ ортасындағы мұсылман зираты неше жылдан бері дұрыс қоршалмағандықтан шашылып жатушы еді. Иманғали Нұрғалиұлы бір-екі айдың ішінде-ақ сол жерді қыздың жинаған жүгіндей тымпитып, әп-әдемі қылып қоршап берді. Осыған қалай риза болмассың. Сондықтан барлық әкімді бюрократ шенеуніктерді туындатып жатқан берекесіз билік иесі деуге келмейді. Бәрі адамның жеке басына байланысты.Қолында билік бар әрбір азамат қоға­мы­мыздың әділетті болуы – өзінің іс-әре­ке­тіне байланысты екенін қатты сезінуі керек. Ал халық тек әділетті қоғамды ға­на сүйеді. Ол айнымайтын аксиома. Егер елімізді шелтиген, сезімсіз, тасыр шенеу­ніктердің иелігіне беріп қойсақ, онда отаншылдық дегенді ойлаудың өзі артық.Жақсыбай САМРАТ,«Егемен Қазақстан».