• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Сәуір, 2019

Дзюдодан Бакудегі «Grand Slam» турниріне қатысатын Қазақстан құрамы анықталды

870 рет
көрсетілді

11-12 мамыр күндері Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан әлемдік «Grand Slam» кезеңі басталады. Әлемнің 60 мемлекетінен 500-ден аса спортшы бақ сынайтын додада қазақстандық балуандар да бақ сынайды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлайды.

Турнирге Қазақстан атынан 11 дзюдошы қатысады. 

Ерлер:

Бауыржан Нарбаев (60 келі)

Мағжан Шамшидин (60 келі)

Есет Қуанов (66 келі)

Сұңғат Жұбатқан (66 келі)

Жанболат Бағытбергенов (73 келі)

Мадияр Сембаев (73 келі)

Виктор Демьяненко (100 келі)

Қыздар:

Анна Казюлина (52 келі)

Ақниет Тұрдан (63 келі)

Зере Бектасқызы (70 келі)

Зарина Райфова (78 келі)