• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2019

Ел астанасында дауылды ескерту жарияланды

955 рет
көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ауа температурасы төмендеп, найзағай жарқылдайды, бұршақ жауады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжамы бойынша бүгін, 30 сәуірде елордада жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай, көктайғақ, бұршақ күтіледі. 

«Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы күндіз 0-2 градусқа дейін төмендейді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%», - делінген «Қазгидрометтің» хабарламасында.