Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы жаңа маусымға дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Спортшылар Испанияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Біздің команда жақында жаңа роллердром ашылған Ля-Нусия қаласына аттанған.
Айта кетелік, құрама сапына бірнеше жаңа спортшы қосылды. Бүгінге дейін жасөспірімдер қатарында болған Анвар Мухамадиева, Руслан Кирбятьев, Артур Галиев, Вячеслав Зарецкий және Надежда Морозовалар енді бас команда сапында жаттығады.
Оқу-жаттығу жиыны 24 мамырға дейін жалғасады.