Әйелдер теннисі қауымдастығы үздік спортшылар рейтингін жаңартты. Өкінішке қарай, қазақстандық Зарина Дияс пен Юлия Путинцевалар төменге сырғыған деп жазады Olympic.kz.
Путинцева үш саты төмендеп, 41-ші орынға жайғасты. Ал Зарина 107-ші орыннан 115-ші орынға тұрақтады.
WTA рейтінгіндегі бірінші орында жапондық Наоми Осака ешкімге берер емес. Екінші және үшінші сатыда чехиялық Петра Квитова мен румыниялық Симона Халеп орналасқан.