• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2019

Шымкенттің туристік символы қонақтарды таңғалдырды

1424 рет
көрсетілді

Шымкентте үшінші мегаполистің туристік логотипіне айналған қызғалдақтарды нәсихаттайтын «Қызғалдақ жолы» халықаралық фестивалі өтті.

Шымкентте үшінші мегаполистің туристік логотипіне айналған қызғалдақтарды нәсихаттайты «Қызғалдақ жолы» халықаралық фестивалі өтті. Қалалықтардың сүйікті демалыс аймағы – Арбатқа флористер дайындаған шоқ гүлдер қойылып, фотокөрме, балғындардың қылқаламынан туындаған суреттер галлереясы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шаһардың Ұлы Жібек Жолы бойындағы ежелгі қала екендігін туристерге насихаттау үшін Арбат жолымен саудагерлер мен қолөнершілердің ежелгі керуені жүріп өтті.

Айтулы мәдени шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын құттықтады.

«Қызғалдақ фестивалі қаламызда халықаралық деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Қызғалдақтың отаны – еліміздің Оңтүстігі екенін мақтаныш етеміз. Сондықтан осы гүлді брендімізге айналдырып, әлем қызғалдақ арқылы Шымқаланы танып-білсе деген мақсатпен фестивальді ұйымдастырдық»,  деді шаһар басшысы.

Фестиваль аясында Арбатта тұрғызылан Шеберлер қаласында жасөскіндер еңбегімен ел алқауын алған өрт сөндіруші, полиция, дәрігерлер секілді мамандық иелерімен жүздесіп, өз ісінің шеберлерінің  жұмысымен танысты.

Шымкентті гүлге ораған фестиваль кешке дейін жалғасып, флористер шеберлік сабақ өткізді.  Мерекелік думанның соңы эстрада жұлдыздардың концерттік бағдарламасына ұласады.

- Еліміздің оңтүстігіндегі ежелгі шаһардың оң имидждін тек ел ішінде ғана емес, шетелге шығаруға серпін берген бұл реткі фестивальдің көздегені туристік инфрақұрылымды дамыту, туристік өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыру, мегаполисте туризмді алға жылжыту, дейді фестиваль ұйымдастырушылары.