• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2019

Жаңақорған ауданында мал ұрлығы азаймай тұр

1184 рет
көрсетілді

Соңғы кездері өз көршісінің ақ адал малын ұрлауға баратындар көбейіп барады. Жаңақорған ауданында қазірге дейін 18 мал ұрлау дерегі тіркеліпті. Ертеңгі зауал күннен қорықпайтындар полицейлерді де қатты алаңдатып отыр.

«Ұрланған малдардың 15 дерегі өрісте жоғалса, қалғаны қорадан жоғалған. Соңғы кездері мал ұрлығы фактісінің өсуі малды күнделікті қарап, қадағалап, түгендемеу салдарынан да болып отыр. Себебі, оның жазғы-қысқы бағымы, азығы, суаруы, тұратын орнының жайлылығына мал иесі жауапкершілікпен қарауы керек. Осы тұста, жыл басында аудан әкімдігі мен барлық ауылдық округ әкімдеріне елді мекенде бақташы ұйымдастыру туралы аудандық полиция бөлімімен ұсыныстар жолданған болатын. Нәтижесінде қазіргі кезде 11 елді мекенде ірі қара малдарды падамен бағу жұмыстары жолға қойылды. Енді қалған ауылдар да осы бастаманы тиімді ұйымдастыра білуі керек», дейді Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің орынбасары, полиция майоры Айбол Жолдасбаев.

Өңірде Ішкі істер министрлігінің №854 бұйрығының талаптарын іске асыру бағытында «Бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл» жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасы жүйелі жүзеге асып жатыр. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – мал ұрлығының алдын алу бағытындағы шараларды жүзеге асыру. Жоспарда мал ұрлығын ашу және тергеп-тексеру бойынша кент және ауыл әкімдіктерінің, ветеринариялық инспекциялардың және ІІО-ны қызметкерлерімен бірлесіп тиісті ілеспе құжаттарынсыз мал тасымалдау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды үнемі өткізу көзделген.