1, 4 ,5 мамырда елорда тұрғындары мен қонақтары ауылшаруашылық жәрмеңкесіне бара алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлікті нарықтағыдан 10% төмен бағамен сатып ала алады», – делінген қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарламасында.
Жәрмеңкелер «Sine Tempore» СО алдындағы алаңда және халыққа қызмет көрсету орталығының іргелес аумағында (Сауран көшесі, 7) өтеді.