• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Мамыр, 2019

Шалғай аудан тұрғындары баспаналы болды

1219 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы бірлігі күні облыс орталығынан алыс орналасқан Айыртау ауданының тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді.

Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев  пайдалануға берілген 80 пәтерлі үйдің кілттерін қоныстанушыларға  салтанатты түрде табыс етті.

«Адамдардың қолжетімді баспанаға мұқтаждығын шешу бағытында мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл орайда, аз қамтылған жандар мен көпбалалы отбасылар үшін  жеңілдіктер қарастырылған», деді  Асқар Жоламанұлы.

Төрт  бала тәрбиелеп отырған   ана Ольга Беяева үй кезегінде  сегіз жыл тұрыпты. Бір баласы – мүгедек. Бұған дейін баспана жалдап, күн кешіп келген. Енді үш бөлмелі  баспанаға қол жеткізіп отыр.

Алты ұл-қызы бар жалғызілікті ана Әсемгүл Жанықұлова  төрт бөлмелі  пәтерге ие болды.