• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2019

Павлодар ғалымдары кезектен тыс сайлауды қолдайды

998 рет
көрсетілді

С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінде еліміздегі Президенттің кезектен тыс сайлауын қолдау мақсатында өткен жиынға оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

Ғалым, профессор Ғани Елмұратов алдағы 9-маусымдағы сайлау бұл зайырлылықтың негізгі белгісі деп атап өтті.

Өйткені, саяси шара-қоғамдағы түрлі сала өкілдерінің, қарапайым  жұртшылықтың белсенді көзқарастарын көрсетудің маңызды арнасы іспеттес.

PhD докторы, қауымдастырылған профессор Аслан Азербаевтің  ойынша, жалпы,  Тұңғыш Президент - Елбасының тұсында туып-өскен бүгінгі жастар сайлауға міндетті түрде қатысып, дұрыс таңдау жасау керектігін айтты.

- Сайлауға қатысу - бұл маңызды конституциялық құқық болумен қатар, саяси жауапкершілікті талап ететін оқиға, - дейді А. Азербаев.

Жиналған қауым кезектен тыс сайлау халқымыз үшін дұрыс таңдау жасауға мүмкіндіктің бірі деген пікірлерін білдірді.

Ал, сайлау Тұңғыш Президент – Елбасының бастамасымен қолға алынған әлеуметтік бағдарламаларды ары қарай жалғастыруға, ел ішінде  бірлік, тыныштық өмір  болуына кепіл болмақ.