• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Мамыр, 2019

Расул Қалиев Махачкаладағы халықаралық турнирдің жүлдесіне таласады

1177 рет
көрсетілді

Еркін күрестен Махачкалада өтіп жатқан Әли Әлиев мемориалында қазақ балуандары сынға түсуде. Кешегі жарыс күнінде кілемге шыққан біздің спортшылар өкінішке қарай, жеңіліс тапты.

65 келіге дейінгі салмақта белдескен Мейіржан Әшіров кілем қожайынына есе жіберсе, 70 келідегі Бекжан Нұрланов ресейлік Ш. Валиевтен 1:8 есебімен ұтылды. 

92 келідегі Әбдіманап Байгенжеев ресейлік қарсыласынан таза жеңілді. Аса ауыр салмақтағы Юсуп Батырмырзаев неміс балуанына 4:6 есебімен жол берді. 

61 келідегі Расул Қалиев турнирді сәтті бастаған болатын. Алғашқы белдесуінде жерлесіміз қытайлық Жанг Гангты 10:0 есебімен тізе бүктірді. 

Екінші кездесуде тап осындай есеппен ресейлік Астемир Куановты жеңген Расул үшін үшінші белдесу аса тартысты өтті. Ол тағы бір ресейлік спортшы М. Идрисовпен кездесіп, 6:7 есебімен ұтылып қалды. 

Енді қазақстандық спортшы жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды. Белдесу бүгін өтетінін хабарлаймыз.