Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының үш жылдық қызметіне байланысты өткен брифингте филиал директоры Ербол Байжігіт мәлімдеді.
Брифинг барысында мемлекеттік қызметтер реестріндегі 752 қызметтің 621-і (яғни 83%) мемлекеттік корпорация арқылы, ал 506-сы электронды түрде қолжетімді екені айтылды. Филиал директорының орынбасары Айбек Мұзбаевтың келтірген мәліметі бойынша, мемлекеттік корпорация құрылғаннан бастап Маңғыстау облыстық филиалы аймақ тұрғындарына 3 млн-ға жуық қызмет көрсетсе, оның 1 млн 903 мыңын маңғыстаулықтар орталыққа келіп, өз бетінше алған. Сондай-ақ филиалда соңғы үш жылда 475 мыңнан астам ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) рәсімделген.