Әзірбайжанда бокстан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. «Президент Гейдар Әлиев кубогі» жолындағы бәсекеге Қазақстан атынан он боксшы қатысқан деп жазады Olympic.kz.
63 келіде жұдырықтасқан Тоқтасын Бабаханов турнир жеңімпазы атанса, Ислам Мақашев (54 келі), Елнұр Сүйінбай (57 келі) және Нұрдос Қуаныштың (75 келі) еншісінде күміс медаль бар.
80 келідегі Жанболат Ғалымов тұғырдың үшінші сатысынан көрінді.