Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған рейтингінде Ерлан Серікжанов үш сатыға жоғарылады. Ол Фуджейрада өткен Азия біріншілігіндегі жетістігінен соң алғашқы алтылыққа енген деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлан Серікжанов 66 келідегі спортшылар арасында 6-шы орында тұр. Бұған дейін түзілген рейтингте ол 9-шы орынға тұрақтаған болатын.
Сондай-ақ, құрлық додасының күмісін иеленген Елдос Жұмақанов екі сатыға жоғарылап, 11-ші орынға көтерілді.
90 келіде Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған Ислам Бозбаев 12-ден 11-ші орынға жоғарылады.
Еске сала кетейік, отандық дзюдошылар арасында Елдос Сметовтің шоқтығы биік. Ол әлемдік рейтингте тұрақты түрде алғашқы бестікке еніп жүр.