• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Мамыр, 2019

Елордада жас жол инспекторларының слеті өтті

1444 рет
көрсетілді

Балалар жол-көлік оқиғасы кезінде жол жүру ережесі, реттеушілердің ым-ишараларын білуден, алғашқы медициналық көмекті жылдам әрі сапалы көрсетуден сайысқа түсті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

29  сәуір мен 3 мамыр аралығында ПД Жергілікті полиция қызметі әкімшілік полиция басқармасы, білім басқармасы, «СӨС» қалыптастыру орталығымен бірлесе отырып, қаладағы жалпы білім беретін  мектептер арасында жас жол инспекторларының аудандық слетін өткізуде.    

«Қазіргі уақытта елордамыздың аумағында полиция қызметкерлеріне әр түрлі алдын-алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесетін жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шараларға қатысатын 75-тен астам жас жол инспекторларының жасағы насихаттау жұмыстарын жүргізеді», – делінген Жергілікті полиция қызметінің хабарламасында. 

Аталмыш іс-шараның мақсаты – балалар арасындағы жол-көлік жарақаты мәселесі мен жол-көлік оқиғасының санын барынша азайтуға қоғамның назарын аудару. 

Слет бағдарламасы аясында 7 номинация бойынша келесі жарыстар өтті: «Саптық байқау», «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері», «Велосипедті мәнерлеп жүргізу», «Жас реттеуші», «Жас санитар», «Үгіт-насихат бригадаларының конкурсы», «Эрудиттер турниры». 

Балалар жол-көлік оқиғасы кезінде ЖЖЕ, реттеушілердің ым-ишараларын, білуден, алғашқы медициналық көмекті жылдам әрі сапалы көрсетуден сайысқа түсті.