- Штаб құрамына белгілі қоғам қайраткерлері мен интеллегенция, мәдениет, білім, медицина және тағы да басқа салалардың өкілдері мен партияның ардагерлері мен жетекшілері кірді. Бұл біздің сайлаушыларымыздың үлкен құрметі мен сеніміне ие болған облыс пен елдегі ең танымал және беделді адамдар. Сондай-ақ партияның белсенділері мен жақтастарының қолдауымен қалалық және 12 аудандық штабтар құрылып, оған 500 - ден астам адам кірді, - деді ол.
Осы жолы алғаш рет штаб жанынан жастар қанаты құрылған. Олар өз құрдастары арасында белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Облыстық қоғамдық штаб «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының ғимаратында орналасқан. Штаб үгіт-насихат жұмысын 11 мамыр күні сағат 18:00-ден бастайды. Сонымен қатар қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Оған облыс тұрғындары өз өтініш-тілектерімен жүгіне алады.
- Біз сайлау әділ бәсекелестік түрде өтетініне сенімдіміз. Сенімді өкілдеріміз сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жергілікті жерлерде біздің кандидаттың мүддесін білдіретін болады. Бұл алдыңғы қатарлы және даярланған партиялықтар тобы - жергілікті 1284 адам. Партия өз күшіне және сайлаушыларымыздың қолдауына сенеді. Біз жұмысымызда сайлау науқанын жүргізудің саяси техникасы мен әлеуметтік желілердің артықшылықтарын белсенді пайдаланамыз, - деп атап өтті Сәния Қалдығұлова.