• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2019

Ақтау полицейлері мектепте жиын өткізді

1310 рет
көрсетілді

Ақтау қалалық Полиция басқармасы ЖПҚ УПИ қала прокурорымен бірлесе қаладағы 26 ш/а № 14 орта мектепте 2019 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстар және бекітілген әкімшілік учаскелерде жасалған қылмыстар туралы халықпен жиын өткізді.

Жиында 2019-жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстар есебі мен бекітілген әкімшілік аймақтағы жедел жағдайдың ахуалы, 2018-2020 жылдарға арналған «бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша» бағдарлама жоспарының тармақтарын орындауды жүзеге асыру және түсіндіру, «Көрші бақылауы» бағдарламасын тұрғындарға жеткізу, азаматтарға «Қазақтелеком» АҚ-ның ұсынған тұрғын шағын аудандар ауласына бейнебақылау камераларын қондыру қажеттілігін түсіндіру тақырыптары талқыланды.

Сондай-ақ учаскелік инспекторлар тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, толық түсіндірме берді.

Халыққа есеп беру кездесуіне Ақтау қаласының ПБ ЖПҚ бастығы полиция майоры Р.Ермақанов, Ақтау қаласы Прокуратурасы бөлімінің бастығы 2 сынып заңгер А.Алуадинов, № 14 ОМ директоры Г.Қуандықова, Ақтау қаласы ПБ кезекші бөлімнің бастығы полиция майоры Г.Қалдыбаев, МО ПД ЖПҚ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының аға инспекторы К.Қылишаева, Ақтау қаласы ПБ ЖПҚБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының инспекторы Р.Жантуар және де учаскелік инспекторлар қатысты.

Сондай-ақ тұрғындарға қандалаларды улауға арналған препараттарды қолданудың маңыздылығы, үй-жайды қауіпсіз өңдеу үшін мемлекеттік ұйымдарға жүгіну қажеттілігі туралы ескертілді. Осындай ережелерді сақтамаған жағдайда өңірде орын алған қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыратыны туралы түсіндірілді.