• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2019

Солтүстік Қазақстан бишілері ел кубогын жеңіп алды

921 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі жастар арасында биден өткен ел кубогы үшін сайыста теріскейлік бишілер алтыннан алқа тақты.

Айтулы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ге жуық жұп қатысты. Жерлестеріміз Дуо Фристайл тобында өнер көрсетіп, аса тартысты өткен сайыста топ жарды.

«Былтыр Алматы қаласында ұйымдастырылған халықаралық байқауда  күміс медаль иеленген болатынбыз. Бұл жолы бағымыз жанып, жарыстың ең биік тұғырына көтерілдік. Күнделікті табанды жаттығудың арқасында  қарсыластарымыздан оқ бойы озып шықтық», дейді «Арман» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушісі Сандуғаш Молдағалиева.

«Доминанта» спорттық бал биі студиясының жетекшісі Владислав  Оленчуктың айтуынша, байқауға дейін 1,5 ай бойы тынымсыз жаттығу жүргізіліп, маңдай тер ақталған.  Облыс намысын қорғаған жұп мүмкіндіктерінің шектеулігіне қарамаста қажырлы еңбектерінің арқасында талай биік белестерді бағындырып келеді. 

Енді маусым айында Атырау қаласында өтетін дүбірлі додаға қатысады.

Солтүстік Қазақстан облысы