• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2019

Петропавл ботаникалық бағында алғаш рет анар ағашы гүлдеді

1265 рет
көрсетілді

Табиғаттың таңғажайып құбылыстары Петропавл ботаникалық бағында сирек болса да кездесіп тұрады.

Мұнда  жарты мыңға жуық тропикалық, субтропикалық өсімдіктер жайқала өсіп тұр. Солардың бірі – анар ағашы. Оның  гүлдену сәтін  оранжерея қызметкерлері 10 жыл бойы күтіпті.

«Анар  субтропикалық жеміс болғандықтан, негізінен Орта Азияда өседі. Біз теріскейде жерсіндіруге тәуекел етіп, алты түбін  Германиядан алдырғанбыз. Жақсы күтімнің арқасында көшеттің 2-уі өсіп, өніп, биыл бірінші рет бүршік жарды. Оларды бақ қызметкерлері жасанды жолмен тозаңдандырды. Нәтижесі  біз күткеннен де асып түсті», дейді ботаникалық бақтың бас агрономы Равиль Рязапов.

Биыл аналық гүлдердің бірнешеуі сәтті тозаңданып, түйнектей жеміс сала  бастапты. Мұндағылар жаз маусымының аяғына қарай  қарай қызара бөртіп, балбырай пісуін асыға тосып жүр.

Бақта кубалық лимон да өседі. Отанында оны «пандероза» дейді. Былтыр түсім жаман болмапты. Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына қатысқан Татарстан президентіне бір лимон сыйға тартылыпты. Биыл да  жемісті мол салатын түрі бар. Ал кубаның пандерозасына қарағанда  пәкістандық жемістің бұл түрі көлемі жағынан кішілеу, бірақ өсімтал.Супермаркет сөрелерінде толып тұрған бұл лимон ботаникалық бақта 50-ге жуық жеміс береді.

Қоңыр күзге таман  экологиялық орталықта мандарин мен банандар да  балбырап піседі. Қазір жап-жасыл інжір жемісі  екі айдың ішінде уылжып шыға келеді.