• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2019

Қарағандыда майдангерлер 300 мың теңгеден материалдық көмек алды

1107 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасында Ұлы Жеңістің 74 жылдығы мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлері 300 мың теңгеден, ал оларға теңестірілген санаттағы тұлғалар 20 мыңнан 100 мың теңгеге дейін аралықта бір реттік материалдық көмек алды.

Нақтырақ айтқанда, өз еркімен жалданғандарға, концлагерлердің тұтқындарына және қоршауда болған Ленинград тұрғындарына 100 мың теңгеден, ал қалған санаттағыларға 20 мың теңгеден төленді. Сонымен қатар, Чернобыль атом электр стансасы апатының салдарын жоюға қатысушылар 100 мың теңгеден алды. Осы мақсаттарға қала бюджетінен 127 миллион теңге бөлінген болатын.

Еске салсақ, облыс орталығында Ұлы Отан соғысының 43 ардагері мен мүгедегі және оларға теңестірілген санатқа енетін 5216 адам тұрады.

Қарағанды облысы