• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 07 Мамыр, 2019

Павлодарда кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабы құрылды

990 рет
көрсетілді

Штаб төрайымы облыстық мәслихат хатшысы Бақыт Бексейітованың айтуынша, бүгін облыстық штаб аппаратын құру аяқталды.

- Облыстық штаб 84 адамнан тұрады, оның ішінде штаб аппаратында 35 адам, қоғамдық штабта - 59 адам бар, - дейді Бақыт Бексейітова.

Сайлау құрылымдары «Nur Otan» партиясының өңірдегі қалалар мен аудандардың барлық аумақтық филиалдарының жанынан құрылған.

Қалалар мен аудандарда штаб құрамына 281 адам,  135 штаб аппараттарының қызметкерлері, 146 - қоғамдық штаб мүшелері.

Жастар 43 пайызды, әйелдер 53 пайызды құрайды. Орташа жасы-42 жас.Штаб құрамының 89  пайызы партия мүшелері.

Сонымен бірге, «Nur Otan» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымының, мәслихат депутаттарының, жастар белсенділерінің, спортшылардың, бизнес өкілдерінің, шаруа қожалықтарының өкілдерінен құралған 1199 сенімді адамдар тіркелген.

Кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауына сенімді адамдар сайлаушылардың 14 мың 360 сенімді қолдарын жинап  үлгерді.

Штаб басшысының орынбасары, педагогикалық универсистет ректоры Алтынбек Нұхұлы сайлаудың белсенді өтуі қазақстандықтардың қолында екенін атап, барша тұрғындарды дауыс беруге  шақырды.