Балаларын балабақша кезегіне қою үшін бұрынғыдай әр бөлімге жүгіріп жүрмейді.
Ата-ана қолындағы ұялы телефонын немесе үйдегі интернет желісі арқылы «Balabaqsha.sitcen.kz» автоматтандырылған қызмет түріне қосыла алады.
Балабақшаға кезекті автоматтандыру жүйесін орнатуға бірнеше фирма қызметін ұсынып, «InCraft» ЖШС-і таңдалыпты.
Қазір қызмет жүйеленіп, кідіріссіз жұмыс жасауда.
Автоматтандырылған жүйе арқылы өтініштерді тіркеу, шарт жасасу қызметтері байланыс тек ата-ана мен балабақша арасында ғана болады.
Жаңа жүйені іске қосу еліміздегі жаңа мемлекеттік стандартқа сәйкес қолға алынған.
Порталға қосылып, әрбір ата-ана өз өңірін таңдайды.
Екібастұзда «Алтынай», «Радуга», «Малыш», «Балауса», «Қарлығаш», «Балдәурен», «Балапан» секілді 20-ға жуық балабақша бар.
Ал, облыста өткен жылы 500 бала балабақшаға жолдама алған.