Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеу қарсаңында Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінде ардагерлерге арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, қала әкімі Ғалымжан Ниязов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Ардагерлерді аймақ басшысы, сондай-ақ, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары құттықтап, алғыстарын жеткізді.
Ардагерлер назарына этномәдени бірлестіктер мүшелері дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Жиналғандар Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі, әнші Гүлнара Макинамен «Катюша» әнін шырқады.
Жас солист Армен Саакян «Синяя вечность» әнің, ал Арман Нұржан «Менің Қазақстаным» әнін орындап берді.
«Нұр» би ансамблі «Арцватор» биімен өнер көрсетті.
Құрметті қонақтардың әрқайсысына гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.