• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2019

СҚО-да орман өрті жиілеп барады

906 рет
көрсетілді

Былтыр өңірде қызыл жалын 34 гектар орманды алқапқа зардабын тигізген, биыл 5 айда 30 гектар жасыл желек өрт құшағына оранған.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Рамиль Камаловтың айтуынша, аграршылардың салғырттығы мен әкімдердің бақыламауы салдарынан осындай оқыс жайттар жиі ұшырасады.  Ең бастысы, қауіпсіздік талаптары қатаң сақтала бермейді.

«Облыс аумағында 32 өрт сөндіру бекеті,  411 өртке қарсы ерікті құрам жасағы жұмыс істейді. Қолданыстағы заңға сәйкес, егер елді мекенде мемлекеттік өртке қарсы қызмет болмаған жағдайда орман және орманды алқаптардағы өртті сөндіру аудан әкімінің тікелей құзыретіне кіреді. Соған қарамастан көмек қолын созудан бас тартқан емеспіз», дейді Р. Камалов.

Егіс танаптарында құрғақ шөпті, сабанды жағу, қараусыз қалдырып кету  соңы да өрттің таралуына бірден-бір себепкер болып отыр. Соңғы күндері 6  орман өрті тіркелген. 39 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 300 мың теңге айыппұл салынғанымен, оң нәтиже байқалмайды.

«Себебі бұған еттеріңіз әбден үйреніп кеткен. Жыл сайын ағаштар отқа оранады, табиғатқа үлкен залал келтіріледі. Кінәлілерді жазалайтын дәлелдеріңіз де, ынталарыңыз да жоқ. Егер республикалық трасса маңында ағаштар күйіп жатса, «ҚазАвтоЖол»-ды жазалау қажет.  Аудандық маңызы бар жолдар бойында орын алса, әкімдердерді жауапкершілікке тартыңыздар», деді  осы мәселе бойынша талқыланған отырыста аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.

Солтүстік Қазақстан облысы