• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Мамыр, 2019

Алматы облысында 91 ардагерге 500 мың теңгеден жәрдемақы берілді

1075 рет
көрсетілді

Жетісу жерінде екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан 91 ардагер тұрып жатыр. Биыл жеңісті жақындатқан ерлерге облыс әкімдігі тарапынан 500 мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы төленді.

Жеңіс күні қарсаңында ардагерлермен кездескен облыс әкімі Амандық Баталов:  

- Соғыстың аяқталғанына 74 жыл өтті. Бірақ сол сұрапыл жылдардағы біздің ата-апаларымыздың ерлігі әлі күнге біздің жадымызда. Өкінішке қарай, ортамыздағы соғыс ардагерлерінің қатары күннен күнге сиреп барады. Облыста  ардагерлер мен басқа да санаттағы азаматтарға санаторийде тегін емделу мен оңалту шаралары үшін 470 млн теңге бөлініп отыр. Сол сияқты Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне қосалқы және көмекші құралдар үшін жергілікті бюджеттен 3 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылды. Жеңіс күніне орай облыстық қазынадан әрбір соғыс ардагеріне бір реттік материалдық көмек ретінде 500 мың теңгеден беріледі, - деді.

Облыс әкімдігінде өткен салтанатты қабылдаудан кейін ардагерлерге арнайы дастархан жайылды. Оған облыстың түкпір-түкпірінен 150 ардагер мен тыл еңбеккері қатысты.

Алматы облысы