• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Мамыр, 2019

Балаларын жүксалғышқа қамап, өзі мерекені «тойлауға» кеткен

1156 рет
көрсетілді

Аяқ астынан ұлы мен қызынан көз жазып, қанатымен су себелеген қарлығаш құсап шырылдаған бейбақ ананың Ұлттық ұлан № 6637 әскери бөлім басшылығына алғысы шексіз.

Облыс орталығында  қоғамдық тәртіпті қадағалап, кезекшілік етіп жүрген партульлік топқа  шұғыл хабар түскен. Сол маңайда тұратын бір әйел балаларының  үшті-күйлі жоғалғаны жайлы қалалық ішкі істер бөліміне жанұшыра хабарлаған.

«Біздің патрульдік топ жедел іздестіру шараларына кірісіп, тұрғындардың көмегіне сүйене отырып гараждардың бірінен көмек сұраған дауысты естиді. Темір есікті бұзып, ішке еніп, аяқ-қолы байлаулы бүлдіршіндерді  жеңіл көліктің жүксалғышынан тауып алады. Әкелері болса, мерекені «тойдауға» кеткен», дейді екінші рота командирінің орынбасары Асхат Темірханов.

Екі жерде жұмыс істейтін әйел кешқұрым үйіне шаршап-шалдығып келгенде  күйеуін де, балаларын да таппай қалып, дабыл қаққан.

Әскери бөлімнің штаб бастығы  Ерхан Мүсәлімовтың айтуынша,  қала ішінде күніне  45 бағыт бойынша 130-ға жуық әскери қызметкер қоғамдық тәртіпті бақылап, 6 сағаттың ішінде 1,5 шақырым аймақты барлайды екен.  Айына 150-ден астам түрлі бұзақылық оқиғалар анықталып, арақ ішу, отбасылық кикілжің, ұрлық-қарлық оқиғалары көп кездесетін көрінеді.