• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Мамыр, 2019

Жаһандық мәселелер жаршысы

1222 рет
көрсетілді

Елордада 12-ші мәрте өтетін Астана экономика­лық форумына биыл арқау болар тақырып – «Ынта­ландырушы өсім: Адамдар. Қалалар. Экономикалар». 16-17 мамырға жоспар­лан­ған ауқымды шараға дайындық барысы қызу. Әлемдік деңгейдегі форумға қатысты толыққанды ақпа­рат өткен жұмада Орта­лық коммуникациялар қыз­метінің алаңында айтылды.

Назарға алынған басты мәселелердің қатарында әлемдік экономика, өнеркәсіп және технологияның жаңа салаларын дамыту, сондай-ақ, бүгінгі жаһан жұртшылығы үшін аса өзекті тақырыптар талқыға салынбақ.

– Мұндай іс-шаралардың нәтижесін қысқа мерзімге қарап бағалау өте күрделі. Бұл іс-ша­ра­лар ұзақмерзімді. Елдің ин­вес­тициялық тартымдылығын арттыруға, экономикалық даму стратегиясын айқындауға бағыт­талғандықтан, бұл шаралар­дың бір күнде әсері болады неме­се ауқымды өзгерістерге әкеле­ді деп күту – меніңше, негіз­сіз. Алдағы ұзақмерзімді перспек­ти­вада ол елдің экономикасына сөз жоқ әсерін тигізеді», - деді «Экономикалық зерттеулер инс­титуты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры Айбол Арғынғазинов. 

Орталық директорының айтуын­ша, өткен 12 жыл ішінде форумның негізінде жаһандық сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан өзінің біршама экономикалық реформасын іске асырған.

– АЭФ шеңберінде алғаш рет бір­неше форум өтеді. Бірінші қазақ­стан­дық тұрақты даму форумы, Еу­ра­зиялық интеграцияның 25 жыл­дығына арналған арнаулы сессия, Халықаралық еңбек ұйы­мы­­ның 100 жылдығына арнал­ған кон­фе­ренция, Кавказ және Ор­та­лық Азия өңірі Қаржы министр­лері мен Орталық банктері бас­шы­лары­ның дөңгелек үстелі өтеді. Оған қоса, қазақстандық инв­ес­ти­ция­лар бойынша дөңге­лек үс­тел жос­пар­ланып отыр, – деді «Эко­­но­ми­калық зерттеу­лер инс­ти­ту­ты» АҚ басқарма төрағасы Ерлік Қаражан.