• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2019

Жетісулықтар BIRGE акциясына қолдау білдірді

846 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясының Алматы облыстық филиалында жалпыұлттық BIRGE акциясының басталуына орай баспасөз мәслихаты өтті.

Брифингке облыстық партия филиалының басшылығы, облыстық сайлауалды штабының мүшелері, кезектен тыс ХІХ съезд  делегаттары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, бастауыш партия ұйымдары  қатысты. Брифингте  Nur Otan партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық қоғамдық штаб төрағасы Ғалиасқар Сарыбаев баспасөз құралдарының өкілдеріне акцияның мән-мағынасын  түсіндіріп,  шара  аясында атқарылатын жұмыстар барысымен таныстырды.

- BIRGE акциясының басты мақсаты – сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинау және талдауды ұйымдастыру, оларды қосымша алгоритмге және іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдау болып табылады. Өңірлік деңгейде жалпыұлттық акцияның ұйымдастырылуына Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық штабының жетекшісі, сондай-ақ облыстық қоғамдық штабтың қызметкерлері жауапты, - деді Ғалиасқар Төлендіұлы.

Жалпы, сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін жинақтау www.toqaev2019.kz сайтындағы арнайы бөлімде  және Facebook, Instagram, Twitter желілерінде  #Birge хэштегі бойынша  жүргізілуде.